» » Келешекке – кемел біліммен

Келешекке – кемел біліммен


Бала күнімізде 1 қыркүйекті асыға күтетінбіз. Себебі бұл күні анамыз дайындаған бір құшақ гүлді ұстазымызға табыстауға асық едік. Әрі ата-анамыз мектеп формамызды, құрал-жабдықтарымызды сайлайтын. Оны көрген біздер күніне бір киіп көрмесек байыз таппайтын ек. Солай 3 ай демалыстан соң тай құлындай тебіскен сыныптастарды сағына мектепке ораламыз. Қауышамыз. Бірақ қазір бәрі басқаша. Оған себеп те жоқ емес. Әлемді жайлаған індет өкпені қысып, кең ауаны тарылтқаны рас. Бұл алдымен экономикаға әсер етсе, білім беру жүйесі мен еркін жүріп-тұруды тежеді.
Елде жаңа оқу жылына деген дайындық қарқынды өтті. Шалғайдағы елді мекендегі шағын жинақталған мектептер эпидемиялық ахуалға байланысты оқуды дәстүрлі штаттық режимде бастады. Биылғы оқу жылында шағын жинақты мектептерді қоспағанда, барлық бала қашықтан оқу форматында білім алады. Ал, 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші топ» құру арқылы дәстүрлі түрде мектепте оқиды. Бұл алдымен ата-аналарының өтініші негізінде жүзеге асып жатқан дүние. Әрине мұндай сыныптардағы сабақ қатаң санитарлық шараларға негізделеді. Әрбір топта 15 оқушыдан артық бала оқытылмайды. Әр пәннің белгіленген уақыты, арасындағы үзілісі бар. Сондай-ақ, негізгі пәндер ғана оқытылады. Ал қалған пән қашықтан оқытылмақ. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді.
Рас, балаға да ата-ана мен ұстазға да түскен жүк жеңіл емес. Дегенмен, жарқын болашақ өскелең ұрпақ үшін ұлағатты ұстаздың да, тал бесіктен тәрбиелеген ата-ананың да қолдауы екі есе боларына сенім мол. Себебі, ел ертеңі – білімділерде.
Гүлшат ИСЛАМҚЫЗЫ,
«Болашақ» университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің 2 курс студенті
02 қыркүйек 2020 ж. 694 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031