Шаттықтың тасып тоннасын, халықтан алғыс алғандар


«Біздің міндет – халыққа қызмет»
Қызметіне жаны құштар, сүйіспеншілікпен халыққа қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ облыстық филиалына қарасты аудандық пошта қызметкерінің бірі – Анар Төрешова. Ол орталық пошта байланыс торабының орталық операциялық учаскесінің басшысы. Қармақшылық маман №26 ор та мектепті бітірген соң 1997 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқуға түседі. Қарашаңырақты тәмамдаған соң 2004-2011 жылдар аралығында Қазалыдағы №24 мектепте есепші болып қызмет жолын бастайды. 2014 жыл дан бастап қазірге дейін аудандық поштаға еселі еңбегін сіңіріп келеді. 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған бақытты ана «Зейнетке шыққанша осы са ланың бейнетін көргім келеді» дейді.
Белсенді таратушы
2016 жылы «Сыр медиа» ЖШС жанынан тарату бөлімі ашылды. Осы тұста жаңадан ашылған бөлімнің жұмысына біте қайнасқан жанның бірі – Жаңабай Аймұратов. 50 жастағы ел ағасы №105 қазақ ор та мектебінде тәлім ал ған. Еңбек жолы 1987-1988 жылдары ПМК-30 мекемесінде жұмысшы болып басталған. 1988-1990 жылдары Отан алдындағы борышын өтемекке Чита қаласында әскер қатарында болады. 1990-2015 жылдар аралығында түрлі салада жүргізуші болып қызмет атқарған. Содан соң редакцияның тарату бөліміне газет таратушы болып жұмысқа орналасады. Зайыбы Майрамен 3 қыз тәрбиелеп отырған отағасы қашанда қызметіне адал. Газетті су жаңа шыққан күйі 320- 350 үйге таратады. «Тұрғындар газетті асыға күтеді. Ал біз уақытылы таратуды міндет тұтамыз» дейді ыстық-суыққа төзіп, кедергілерге төтеп беретін біздің белсенді таратушы.
Айнұр ӘЛИ