» » ЖАҢҒЫРУ ЖЕТІ АТАДАН БАСТАЛАДЫ

ЖАҢҒЫРУ ЖЕТІ АТАДАН БАСТАЛАДЫ

Ауылда үйдегі ағамның Асылназ деген үлкен қызы бар. Барған сайын «тәтелеп» әрнәрсені айтады. Ойнағысы келеді, түрлі түсініксіз сөздерді айтып былдырлап жүреді. Тілі шыға бастағаннан-ақ ата-әжесінің, әрісі үлкен ата-әжесінің атын үйретіп, айтқызатынбыз. Алғашқыда әжесі Мирашты «Минәш» дейтін. Баланың «р» дыбысын айта алмайтыны заңды құбылыс қой. Десек те онысын қызық көрдік пе қайталап сұрай беретінбіз. Асылназдың бүгінде жасы 5-те. Қазір айтқаныңды қазір қағып алып, өзіңе қайтарып тұрады. Соңғы барғанымда «кел, одан да жеті атаңды үйретейін» дедім. Басында бұрын-соңды естіп көрмеген адам атын айтуға тілі бұралып, айта алмай отыр еді. Кейін үйренді, жаттап та алды.
Әкем де мені бала күнімде жеті атамның атын жазғызып, жаттатқызды. Міне, соның нәтижесі, бұл күндері мен де бауырларыма үйретіп жүрмін. Кішкентайымызда ағам екеумізді отырғызып алып сұрайтын:
– Сен кімнің ұлысың? – деп сұрақ қояды.
– Мен Ердүйсеннің ұлымын, – деп жауап береді ағам.
– Ердүйсен кімнің ұлы?
– Ердүйсен – Сағынтайдың ұлы.
Осылай жеті атамызға дейін жалғаса беретін…
Үйге келген кісілер де біздің не білетінімізді сұрау үшін атымыздан бастап, соңғы жеті атамызға дейін сұрайды. Міне, біздің алдыңғы буын ағаларымыз, шежіре білетін аталарымыз осылай үйретсе екен дейміз. Кейде өзгелерден «жеті атаңды білесің бе?» деген сауалға екі беті қызарып, кірерге тесік таппай кететіндерді де көріп жүрміз ғой. Ондайда«Жеті атасын білмеген – жетесіз» дейді дана халқымыз.
Әр қазақ өзінің ұл-қызына жеті атасының есімдерін жаттатуды міндет санауы тиіс. Жеті атаны білу қазақ қоғамында бұлжымас заң болғанын ғалымдар айтып та, жазып та жүр. Ал, біз бүгінде балаға өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы есімдерін үйретіп жүрміз бе?
Қазір біз тек өз атамызды ғана білеміз. Сол жеткілікті дегендей, арғы тегімізді сұрап та жатпайды екенбіз. Неге? Әсілі, әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады емес пе? Сол білместіктен арғы туыстарымыз да жатқа айналып бара жатыр ғой. Біз жеті атамызды жатқа білсек, ағайын арасы да берік болар еді-ау...
Р.S. Әр адам өзінің тікелей ата-бабасының тарихын білмесе яки білуге ұмтылмаса, ол елдің тарихын терең түсініп, шынайы елге адал қызмет етеді дегенге күмән бар. «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» деген сөз бар қазақта. Ал сіз жеті атаңызды жіктеп бере аласыз ба?
Ақнұр ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
21 ақпан 2019 ж. 1 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031