» » КӨСЕГЕМІЗ КӨГЕРСІН

КӨСЕГЕМІЗ КӨГЕРСІН

Өткенге көз жіберсек, қазақ көрмеген теперіш, қиыншылық жоқ шығар.  Дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қазақта сан жоқ еді. Қолдан жасалған қырғын мен аштық халқымызды қисапсыз шығынға батырып, ұлт ретінде жойылып кету қаупіне апарды. Дегенмен, ата-баба армандаған тәуелсіздік таңы – бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиді. Саяси сұмдық пен қанды қасаптың куәгері болған халқымыз «қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болды». Қанша қасіретті бастан кешсе де Алла мол несібе жазып, атадан мал да, тал да, өсиет те қалды. Ұлтымыз «Жеті атасын білмеген – жетесіз» дейді. Өкінішке орай, кешегі «қызылдану» дәуірінде жеті ата түгілі кейбіріміз өз атамыздың атын да, оның кім болғанын да білмей, мақұрым өстік. Міне, зұлмат жылдардың зардабын осылайша келешек ұрпақ тартты. Арада қанша уақыт өтсе де, ата-бабасының бейітін әлі күнге таба алмай жүрген адам қаншама. Егемендік алған жиырма жеті жылда Тәуелсіздігімізбен бірге тарихымыздың да ақтаңдақ беті аршылды. Ұлттық рухымыз оянып, құндылықтар мен салт-дәстүр қайта жаңғырды. Болашаққа бағдар жасалды. Экономикалық, әлеуметтік жағынан дамып, түледік. Қыруар жұмыстар істеліп, Елорда төрінен жаңа Астана бой көтерді. Халықаралық деңгейде Қазақ елінің айбары асқақтап, әлем мойындаған мемлекетке айналдық. Бұл біздің –  теңдесі жоқ қол жеткен зор табысымыз еді. Осындай кемеңгерлік істің басында Елбасы тұр. Алла қазақ халқының маңдайына Нұрсұлтан Назарбаевтай дара  тұлғаны жазды. Қазіргі қоғам «Қой үстіне бозторғай ұялаған» бейбітшілік, тыныштық заманда бақытты ғұмыр кешуде. Биыл Қазақ елі тәуелсіздіктің жиырма жетінші жылын қарсы алмақ. Осы айтулы мерекеміз ұзағынан болып, әрбір шаңырақта сәбидің шат күлкісі естілсін. Бір тудың астына жиналған жүзден аса ұлт пен ұлысқа құтты мекен болған Қазақстан халқы тату-тәтті, ымырашылдықта өмір сүре бергей.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
19 желтоқсан 2018 ж. 877 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 996

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031