» » » ДАРА ДА ДАНА ДАЛА ЗАҢДЫЛЫҒЫ

ДАРА ДА ДАНА ДАЛА ЗАҢДЫЛЫҒЫ

Ежелден-ақ ешбір том-том кодекстері болмаса да қазақ халқы әдет-ғұрыппен тентегін тезге сал­ған. Осындай жол­мен ел ішінде тәртіп орна­тып, адамдар ара­сын­да әділдік сақ­талды. Бұл заң­дылық әсіресе Тәу­ке ханның тұ­сында жақсы көрініс тапты.
Бұған ХVІІ ғасырдағы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дәлел. Ол – сол кезеңдегі қазақ хан­дығының ыдырау қаупіне байланысты дүние­ге келген еді. Бұл – алауыздық пен таққа та­ласушылық қарапайым халықты діңкелеткен тұс. Ел басына түскен қиыншылықты ойлаған әз-Тәуке елдің ауызбірлігін арттыратын тиімді жол іздеді. Сондай-ақ ол хандық билікті жетілдіруге де күш салды. Тәуке хан өзіне дейінгі дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен хандарының қабылдаған “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолын” дамыта отырып, жаңа заң жүйесін жасап шығаруды ұйғарды. Ол үшін үш жүздің ақсақалдары мен кө­сем, би-шешендерімен мәмілелесті. Олардың арасында исі қазақ ардақтаған Төле, қаз дауыс­ты Қазыбек пен Әйтеке билердің болғаны тарихтан белгілі. «Күлтөбенің басында күнде жиын, күнде той» демекші, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» да осы тарихи мекенде қабылданды. Елдегі та­лас-тартыс, дау-дамай мен түрлі жанжал айтулы жарғыға сүйене отырып шешілетін болды. Мұ­нымен қоса, саяси мәні бар мәселелер де жарғы аясында өз шешімін тапты. Жарғының күші Қазақ хандығы билігінің күшейіп, дәуірлеуіне де өзіндік ықпалын тигізді. Қабырғалы құжаттың өміршең болғаны соншалық ХХ ғасырдың басына дейін қазақ даласы жеті жарғымен өмір сүріп келді.
Қазақ даласында қашаннан талас тудырған: құн дауы, жесір дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен ұрлық-қарлық, тонаушылық, тағы басқа заң бұзушылық ғұрып заңдылығы негізінде бір арнаға тоғысты. Жарғы – әділдіктің ақ туындай болды. Міне, содан бері де ұлы қазақ даласы Әйтеке бабамыздың: «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұранын бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түсірген емес. Қанша ғасыр артта қалса да әйгілі бидің әйгілі нақылы өз күшінде. Би-шешендеріміз қандай да бір заң бұзушылық кездескенде «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, әділетті шешім қабылдап, қара қылды қақ жара білді.
Өткенге ой тоқтатсақ, қазақта ауыр қылмыс жасағанда: қасақана кісі өлтіру, әйел зорлау, мертіктіру, тағы басқа жағдайда екі түрлі өлім жазасы кесілген. Бірі – дарға асу болса, екіншісі – тас атып өлтіру жазасы. Халқымызда: «қанға – қан, жанға – жан» ұғымы болды. Десек те, бірқатар жаза өзге елден де келгенін айта кету керек. Соның бірі – зындан. Ескерерлігі, ұлан-ғайыр даламызда зынданға тастау болмаған. Қазақ халқы, ата-бабамыз өз бауыры мен перзентіне қарсы зындан қазбаған. Рас, қылмыс жасап, аяғын шалыс басқанға түрлі шара тағайындалған. Кей жағдайда жаза құн төлеумен жеңілдеп отырған. Мысалы, хан, сұлтан, пір-әзірет қастықпен өлтірілсе, олардың әрқайсысына жеті кісінің құны төленетін. Өгізге байлап өлтіру, ат пен түйеге керу, арқан байлап, атқа сүйретіп өлтіру жазасы төрт түлігін өрбіткен бейбітсүйгіш қазақ үшін жат. «Қыз Жібек» көркем фильмінде Төлегенді қапы қалдырған Бекежанға «Қара жебе» жазасын қолданады. Бұл сатқындықтың әділ жазасы. Ғашық сезімі көзін байлаған Бекежанды Жібектің алты ағасы алтын жағынан қоршап, жебені жерге қадайды. Мұнан соң жебенің басын түйістіріп тас етіп байлайды. Тасадан тас атқан сатқынның жазасын осылай береді. Қажет болса, жеті жарғыда туған баласы ата-анасын ренжітсе, я болмаса оған қол жұмсаса – онда ата-ана баласын өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болған. Кәмелет жасына толған баласы туған ата-анасына тіл тигізсе де – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, ауылға келеке ететін болған. Ұрлық-қарлыққа да құн төлету арқылы жаза берілген. Ұрлық жасаушыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана талап етілген.
ТҮЙІН
Адам – тағдырды қолдан жасай алмайды. Ол Алланың бұйрығы. Алайда, сапалы өмір сүруге талпыну – адам ба­ласының асыл борышы. Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін байлық. Сондықтан оны бақытты, мерейлі өткізгенге ештеңе жет­пейді. Бір күнгі сүрінген аяқтың мың күндік азабы болатынын ұмытпағанға не жетсін.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
13 қыркүйек 2018 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 000

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031