» » Тағылықтан арылатын күн бар ма?

Тағылықтан арылатын күн бар ма?


Вандализмлатыннан аударғанда мәдени-тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани құндылықтарды, сондай-ақ қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, тып-типыл тонау деген  мағынаны білдіреді. Әдетте, ол жабайылық пен мәдениетсіздіктің шектен шыққан бір түрі. Қысқасы, тағылық.
Қазіргі күні ауданның көркін келтіріп, ажарын ашып тұрған  дүниелер бар. Біз жоқты жоқ дейміз-ау, бірақ қолымыздағы барды да бағалай алмай жатырмыз. Көшеге шыға қалсаңыз, қираған орындықтар, сынған жарық шамдары, ал аялдамалардың жағдайы айтпаса да түсінікті. Демалыс орындары жоқ дейміз, ауданда ірі-ірі 10 саябақ бар. Алайда олардың ешқайсысының күтімі жоқ. Оған кінәлі де өзіміз. Кетіп бара жатып қоқыс тастай саламыз. Ешкім көрмесе болды, жақсылықты өзімізден бастауды білмейміз. Кешкілік таза ауада серуендеп жүріп, жайғасатын орын таппайсыз. Бірі қираған, бірінің арқалығы жоқ. Аялдамада көлік күтіп тұрсаңыз тіпті ұяласыз... Ілінген қағаздары жыртылған, жан-жағы адам шошырлық күйде. Қоқысқа толы. Саябақтағы ҚР Конституциясы кітабының ескерткіші және Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» да әріптерден ада қалыпты. Бас сұқсаңыз, ол жер адамдарға емес, жануарларға арналған сияқты. Сиырлар саябақта серуендеп жүр. Оған да кінәлі өзіміз. Талай рет саябаққа сиырын айдап апарып, сыртынан іліп қойғанды  көзіміз шалды. Сырттан келген қонақтарға аудандағы қай жерді мақтанып көрсете аламыз? Көрсететін жер бар-ау, дегенмен, онда тазалық пен мейрімділік жоқ.Өзгенің заты өзіңдікіндей болмағанмен, барлығымызға ортақ дүние екенін ұмытқандаймыз...
Шыңғыс Сыдықов, Жосалы кентінің әкімі:
– Вандализм – адамның ішкі мәдениетінің төмендігін көрсетеді. Біздің ауданда ондай жағдайлар болып жатыр. Демалыс орындарымыздағы тарихи ескерткіштер мен орындықтарды, жарық шамдарды сындырып-қирату «сәнге» айналған секілді. Өзімізге  жасалып жатқан жағдайды, өз қолымызбен бүлдіреміз. Ең сорақысы, орталық алаңда орналасқан «Ана мен бала» ескерткішін бүлдіруі болып тұр. Өздері бала бола тұра, ана ескерткішіне жасап жатқандары осы. Жанашырлық жоқ.
Гүлжан Тобжанова, ауыл тұрғыны:
– Басты мәселеміз осы. Халыққа пайда тигізудің орнына қиратамыз келіп. Тым жақсы дүниелер. Оның барлығы жастардан шығады. Түрлі ескерткіштерді мазақ етіп, басына шығып суретке түсіп, хандардың алдына отырып суретке түсу деген не  масқаралық? Үйдегі тәрбиеден бастау алады бәрі. Баланы не нәрсеге де жастан үйреткен дұрыс. Ол өзінің жеке меншік дүниесі емес, халық игілігіне пайдалануға берілген қоғамдық, демалатын орындар.
 
Түйін
Кейінгіні тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді жөнге сал. Бұл әлімсақтан қалған қазақы қағида. Талда отырған әпенді өзінің астындағы бұтақты кесіп, аяғы аспаннан келіпті. Біздің тірлік осыған саяды. Ендеше, қолда бардың қадірін ұғынайық!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
 «Қармақшы таңы».
 
07 сәуір 2018 ж. 1 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031