» » Бала әр айда қалай дамиды?

Бала әр айда қалай дамиды?


1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатап қарайды, жымия бастайды. 

2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді. 

3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіреді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады. 

4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді. 

5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гуілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады. 

6 ай. “ба” және “ма” буындарын айтады. Манежбен аздап еңбектейді. Қасықтан жақсы ішеді. Өз еркімен ойыншықты ала алады. 

7 ай. Ұзақ былдырлайды, жақсы еңбектейді, ересектер екі қолынан демегенде тіке тұрады. 

8 ай. Әртүрлі буындарды қайталайды. Өтініш бойынша “алақайды” жасайды. Өзі отырып жатады, бір заттан ұстап тұрады. 

9 ай. Аяғының алдындағы кедергілерден аттап өтеді. Қолынан демегенде жүреді. Үлкендер өтінішімен “қолыңды бер” дегенді қайталайды. 

10 ай. Бірнеше адамның атын біледі, үлкендердің ойнына жауап береді. Жасырынбақ ойнайды. Арбаның соңынан жүреді. 

11 ай. “мама”, “бер” деген алғашқы сөздерді айтады. Болар болмас демегенде өзі тұрады. Бір затты екіншісінің үстіне қояды. Дөңгелекті кигізіп шеше алады. 

12 ай. 6-8 сөз айтады. Өзі отырып, тұрады, ыдыстан өзі ішеді, жүреді.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
27 қыркүйек 2018 ж. 1 854 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 06:15
Vendita Di Cialis zoloft 100 mg no script and very cheap Puedo Tomar Viagra Con 18 Anos Duofem Online Bestellen Kenalog

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031