» » Менің анам – Күнікей

Менің анам – Күнікей

Менің анамның есімі – Күнікей. Абысынажындар Күнке дейтін. Кішкентай кезімде мен оны «Күн астындағы Күнекейсің ғой, иә, апа?» деп отыратынмын. Сирек кездесетін ат болғандықтан оны сол ертегіден келіп маған апа болған деп ойлайтын болуым керек.
Қазақ даласындағы жаңа өкіметтің байлардың малмүлкін тәркілеу, олардың үстіндегі үйін, малын тартып алғанымен тұрмай, өздерін, балашағасымен қоса айдап, жер аударып, оқутоқуы бар көзі ашықтарын қамап, ату жазасына бұйырып, қуғынсүргінге ұшыратқаны қазір ешкімге жасырын емес. Сол дүрбелеңге ұшыраған қалың жұрттың ішінде менің анамның отбасы да болған. Анамның әкесі жайлы естеліктерді айтқанда мен әлі жастау едім. Сондықтан көп оқиғалар еміс еміс қана есімде.
Ал есейіп өскен шағымда оларды тәптіштеп сұрауға жылап қалар деп апамды аяйтынмын. Бұрынғының әйелдеріндей менің апам да қолынан көп нәрсе келетін ісмер, көкірек көзі ашық, ішкі сауаты мол кісі еді. Қасына мені ертіп, дарияның арғы бетінен ши тартып, өрмек құрып алаша, басқұр тоқитын. Әртүрлі боялған жіптерден тоқыған дүниелері көктем гүлдері жайнаған даладай көз тартып құлпырып тұратын.
Ұстаздың алдын көрмеген адам болса да, ойқиялы ұшқыр, есепке жүйрік болатын. Бала күнімізде сабақ дайындап отырып, анаған мынаны қосса қанша болады деп ойланып отырсақ, «әй, пәлен болмай ма?» деп жауабын лезде айта салатын.
Үлкейген шағының өзінде есте сақтау қабілеті мықты еді, сол алашаларын тоқып отырып, көненің шежіредастандарын, өз заманындағы ақынжыраулардың өлеңдерін жатқа айта беретін.
«Шәмбіл белге ат байладым – ізі жоқ,
Ас пісірдім – тұзы жоқ.
Көрғұлыдай ерлердің,
Ұлы бір түгіл, қызы жоқ» деп шерлі дауыспен ән салғанда, көзінің жасы төгіліп отыратын. «Апа, неге жылайсың?» деп сұраймын.
Әкесі айдалып кеткенде 78 жастағы екі інісі қоса кеткен екен. Олардан көп жыл хабар болмаған. Кейінірек біреулердің айтуы бойынша, сол екі інісі Отан соғысына кетіп, қайта оралмаған. Сол үйленіп үлгермеген, сұм соғыстың құрбаны болған бауырларын ойлап жылайтын болғаныау. Апамның өзі атаанасынан, туысбауырынан айырылған күнді былай деп еске алатын.
«Бір түнде ауылға сау етіп кірген көк мылтықтылар әпсәтте бәрінің астанкестеңін шығарып, дүниемүлікті далаға шығарып, теңдеп, буып, ақ боз үйлерді жығып, бәрін түйелерге теңдеп, малды айдатып әкеліп, санап хатқа түсірді. Сосын бәрімізді айдап, қараңғы түскенше жүріп отырды.
Кеш батып, қараңғылық үйіріле бастағанда бір жерге тоқтап, солдаттар айнала от жағып, тамақтанып, сол отты айналдыра қисайып жата бастады. Олардың ұйықтағанын пайдаланып, әкемнің айтуымен шешем біздің қолына түскен киімдерімізді түйіншекке түйіп, қолтығымызға қыстырып, үстімізге шапанды желбегей жауып, солдат күзетшіге қыздарым тысқа шығып келеді деп ымдап, рұқсатын алып алыстау шетке қарай алып жүрді. Кішкене төбешіктің астында ағаларым екі түйені әкеп шөгеріп тұр екен, солдаттар көріп қоймасын деп қысылып тұрған олар бізді қуыршақша көтеріп алып, түйенің үстіне отырғызып, бұйдасын қолымызға бере салып, түйені қамшымен бірақ тартты. Шешеміз «Әкелерің осылай шешті, қайыр, қош!» деп жылап қала берді. Мен ол кезде енді ғана 14-ке шығып ем, ал Зияда 16-да болатын. Көзге түрткісіз қараңғы түнде екі байғұс құм ішіне қаңғалақтап кете бардық. Содан кейін әкешеше, бауырларымызды мүлде көрмедік. Алла бізге оларды қайта көру бақытын жазбаған екен».
Ал анамның әкесі Әлімбет сауатты, көзі ашық адам болғанға ұқсайды. Өйткені оны сол айдап барған бетінде Қызылорданың түрмесінде атып жіберген. Сол кезде нағашы атам бар болғаны 41 жаста екен. Көп жылдардан кейін апам шешесі туралы бір дерек естіген. «Бір таныс кісі Өзбекстан жақта екі баласымен қайыр сұрап жүргенін көрдім» депті.
Қаншама жылдардан кейін аяулы анаңды толғана еске ала отырып, ол кісінің жүрегіндегі әділдік сезімі қаншалықты берік екенін, адамдық қасиетінің де сонша мықты екенін түсіндім. Бала күнімде оның кейбір сөздеріне таң қалатын едім. Апам бірде «Совет өкіметі кедейлердің бағын ашты, оқыттытоқытты, адам қылды» деген. Тағы бірде ойланып отырып «Ленин жарлыжақыбайды қатарға қосты ғой, қысыжазы мал соңында салпақтап жүріп, жылына бір тай ғана алатын» деп еді. Өзі сол кезде жас болса да қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, қазақ малшыларының ауыр күйін санасымен ұға алғаны, жүрегіне жақын қабылдағаны таңырқатып еді. Ол кезде мектептің жоғарғы кластарында оқитын едім. Қоғамдағы теңсіздік, тап күресі жайлы біраз білем ғой. «Апа, сенің айтатын сөзің бе бұл, сен үстем таптың өкілісің, байдың қызы бола тұра нағыз революционер күрескердің сөзін айттың ғой» деп күлгенмін.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдарда «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» деген сайыстар көп болып, қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттау мақсатында теледидардан жиі көрсетілетін еді. Апам сол байқауға қатысқан қыздардың ұлттық киіміне, қазақы әшекейлеріне қарап отырып мына әңгімені айтып еді. «Әкем, ағаларым жылда Хиуа, Бұқараға кіре тарта барып, апарған малдарына неше түрлі жібек, торқа, өрік, мейіз айырбастап алып келетін. Солардың бірінде Зияда екеумізге ұзатылатын қыздарға қажетті шашсырға, самай сырға тағы басқа біраз әшекейлер жасатып алып келген. Асыл тастармен безендіріп жасаған, айтулы шебер ұстазергерлердің қолынан шыққан әшекейлер көздің жауын алатын. Бірақ екеумізге де оларды жарқыратып кию бақыты бұйырмапты. Шешем бізді қашырып жібермек боп, жанталасып біздің киімдерімізді теңнен алмақ болып жатқанда менің шашсырғам мен самайсырғам қолына түсіпті, оны менің түйіншегіме салған екен.
Зияда екеуміз алысқа ұзағаннан кейін ашып қарасақ, жөнді киім де сала алмапты. Ұсталып қалудан қорықты ма, бірекі көйлек, бірақ әшекейді салыпты. Пұл қылсын деді ме, кім білсін. Екеуміздің құм ішінде қаңғалақтап қанша жүргенімізді білмеймін, әйтеуір ашыққасын біреулерге қолбала болып жүріп, екеуміз екі кедей жігітке тұрмысқа шықтық. Сол үйдегі үлкен қайынағам әлі үйленбеген екен. Кәмпескеден қашып, құм ішінде жасырынып жүрген бір байдың сұлу қызына ғашық болып, уәделесіп қойса, әкесі біліп қойып, қызымды қалыңмалсыз бермеймін деп жолатпапты. Қалыңмал бере алмағасын қайнағам қатты налып жүр екен. Сол жағдайды естіген бойда түйіншегімде тығулы жатқан шашсырғам мен самай сырғамды енемнің қолына бердім. Құны үйір жылқы тұратын қымбат дүниеге бай риза болып, қызын қайнағама ұстатып, өзі Қытай аумағына қашып кетіпті» деп отыратын. «Ой, апа, неге бересің мен тағатын едім ғой, болмаса мен туғанша өзің таға тұрмадың ба?» дегенмін ғой балалықпен. Апам шыдамай күліп жіберіп айтады ғой: «Ой, баламай, ондай әшекей тағатын салтанат қайда қалды, бәрі әдіра қалды ғой» деп күрсінетін.
Ал менің әкемнің ағасы Қараман көкеміздің әйелі Дәмді әжемді мен көргенмін. Ол кісі шынымен үлкейген шағында да қара торының сұлуы еді. Өте ақылды, салмақты, сабырлы кісі болатын. Қартайғанның өзінде тіптік, сұңғақ бойлы, қара көздері мөлдіреп тұратын. Жас күнінде көздің жауын алатын көрікті болғаны айдан анық еді. Көкеміз оны жақсы көргені сонша елден қашып, айдалаға қоныстанып жүреді екен. Ол енді басқа әңгіме. Шешелерімнің жаны жәннаттың төрінде болсын!
Апамның өміріне серік еткен қағидалары болатын. Соның ішінде жиі айтатыны – «Әркімнің шыққан тауы биік болсын!». Қанша сабырлы болғанымен, апамның да біреулерге қатты ренжитін кездері болатын. Кейін сол адам үйге келсе, апам түк болмағандай күліп қарсы алып, «балаларыңа бере ғой» деп кәмпитін тыққыштап жататын.
«Апа, ол сені сыйламады, ренжітті, оған жерден алып, жерге салып ұрсудың орнына бар кәмпитіңді бере салғаның не?» десем, «Қой қайтесің, әркімнің шыққан тауы биік болсын» дейтін. Бұл жәй сөз емес, түсінген адамға адамдық деңгейінің жоғары екенін, парасатыңның биіктігін көрсет деген сөз.
Апамның осы қағидасын мен де көп ұстандым ба, балаларым кейде өз жұмысын жиып қойып, біреудің жұмысына шапқылап жүрсе, өз жұмысыңды істемейсің бе, сол жақсылығың қайта ма? деп ұрыса бастасам, «өзіңіз емес пе, әркімнің шыққан тауы биік болсын» дейтін деп өзімді ұялтатын болды. Иә, енді өзіңді ұмытып, өзгеге көмекке жүгіретін жағдайлар да болады, адамдықтан аттауға болмайды. Одан басқа апамның «Бермегенді беріп ұялт», «Береген қолым алаған», тағы басқа толып жатқан керемет қағидалары сараңдықтан, мейірімсіз, қайырымсыздықтан, қанағатсыз ала берсем деген адамгершілікке жат қылықтардан алыс болуыма көп ықпалын тигізгені анық. Қазір үлкен болған немерелеріме де апамның кезінде айтқан мәтел, әңгімелері қатты әсер еткенін саналарында жатталып қалғанынан көремін. Аяулы аналарымыздың асыл қасиеттері жанымызға, ұрпақтарымызға жұғысты болсын, әркімнің шыққан тауы биік болсын!
Орынкүл Тынымбаева.
25 қараша 2024 ж. 170 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031