» » «Бауыржан Момышұлы анама батасын берген»

«Бауыржан Момышұлы анама батасын берген»

Зымыраған уақыт, күнделікті күйбең тіршілік. Қиналған сәттерде мен өзіме сұрақ қоямын: «Осындай кезде менің анам не істер еді?» Сол сұраққа анамның тұрғысынан жауап іздеп, табуға тырысамын. «Әкеден – үлгі, анадан – өнеге» дейді халық даналығы. Мені қиын сәттерде алға жетелеп, демеу беретін – анамның ұлағатты сөздері, айтқан ақылдары, көрсеткен үлгісі, өмір жолы.
Менің анам, тыл ардагері Мария Хайруллақызы Нұрмаханова аналық парызын өтеп, өрісін кеңейтіп, өмірде өзіндік із қалдырды. Адал еңбек етті. Адал еңбегімен еңсесін көтерген еліміздің негізін қалады. Ол басшы да, атақты ақын да болған емес. Қарапайым еңбек адамы еді. Дегенмен оның өмір жолы үлгі тұтатындай. Анам 1925 жылы кедей отбасында дүниеге келген. Оның жастық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен біте қайнасты. Осы қиын кезеңде еңбек жолын 1941 жылы аудандық халық депутаттары атқару комитетінде хатшы-терімшіден бастады. Күні-түні аянбай еңбек етті. Жас қыз алғырлығы, білімі мен еңбекқорлығымен көзге түседі. Бұл жерде 1946 жылға дейін еңбек еткен. Анамнан мәнді әңгімелерді көп тыңдадым. Сол кезеңнің қиыншылығы туралы, соған қарамай адамдардың бірлігі, мейірімділігі туралы көп айтатын. «Балам, істеген жақсылығың ешуақытта ұмтылмайды. Әрдайым көпшіл, мейірімді бол» дейтін. Әкем Төрехан Нұрмаханов 5 бала өсірді. Дүниеге бес бала әкелді. Әкем соғыс ардагері. Соғысқа қатысып, жарақат алып елге оралды. Ерен еңбегі үшін, «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Әскеріне 30 жыл», «Ұлы Жеңіске 30 жыл», «Лениннің 100 жылдығы» медальдарымен марапатталды. Әкем темір жол милициясында, әскерилендірілген күзет командасында, аудандық автобазада көп жылдар бойы қызмет етті. Анам отау құрғаннан бастап №414 орыс мектебінде жұмыс істеді. Адал еңбегі, жұмысқа деген жауапкершілігі үшін талай грамота, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бірде аудандық оқу бөлімінен ұжымнан бір адамды «Ерен еңбегі үшін» медаліне ұсыну жөнінде сұраныс түседі. Кәсіподақ комитеті және ұжым бұл марапатқа Мария апай лайық деп есептейді. Осы жерден 5 баламен зейнетке шықты. Әкеміз өмірден ертерек кетті. Жігерлі ана қиындыққа мойымай, бізді оқытып, саналы азаматтар қатарына қосты. Зейнетке шықса да балаларын жеткізу үшін мәдениет үйінде күзетші болып жұмыс істеді.
Анам өте қонақжай, батыл сөзді, қазақ­тың салт-дәстүрін жақсы білетін кісі еді. Қазақи киінуге мән беретін. Бірде Алматыда оқитын қызына баратын болып пойызға мінгенде қазақтың Батыр ұлы Бауыржан Момышұлымен жолсерік болады. Ол кісі анамның қазақи киінгеніне, сыпайылығына, жылы сөзіне риза болып, батасын берген. Осыны анам мақтанып жиі айтып отыратын. Анам жайлы оның көзін көрген, қызметтес болған ардагер ұстаз Римма Хакимжанқызы Абдуллина мынадай естелік айтады.
– Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында сол уақытта бірге еңбек еткен замандас­тарымды, ардагерлерді еске алып отырмын. №414 орыс мектебінде ұзақ жыл техникалық қызметкер болып еңбек еткен Мария Хайруллақызы есте қаларлық тұлға деп айтар едім. Ол техникалық қызметкер бола тұра сондай тиянақты, ұстаздармен де, балалармен де дос, сыпайы, мейірімді жан еді. Оны балалар «мама Мария» деп жақсы көретін. Талай мақтау қағазын алғанын, құрметке бөленгенін көргенбіз. Ол кісілердің ел үшін еткен ерлігін ұрпақ білуі керек, – дейді ол.
Ата-анаға ілтипат жасап, оны қадірлеу біздің қанымызға сіңген қасиет. Оларды ұмытпай, әруағына тағзым ету менің перзенттік парызым деп есептеп, естелігімді қағаз бетіне түсірдім.

Зағира НҰРМАХАНОВА,
қызы, ардагер ұстаз
07 мамыр 2021 ж. 858 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031