» » » Бауырмалдық – біздің ұжымның ұраны

Бауырмалдық – біздің ұжымның ұраны

ЖОСАЛЫ, 27 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Орыс пен қазақ халқы ежелден жаз жайлауында, қыс қыстауында өмірін бірге өткізген, малын аралас өрістеткен халық. Осындай туысқан ұлттар арасындағы мызғымас достықтың шекарасы ешқашан бұзылған емес. Тіпті екі ұлт ұрпақтары бір-бірімен отау құрып, бақытты өмір сүруде.

Менің ата-анам Қармақшының тумасы, өзім де осы киелі мекенде туып-өсіп, аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесінде еңбек етудемін. Ұжымым ұйымшыл. Анам да осы мекемеден құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. Мекемеде қазақ халқымен бірге басқа да ұлт өкілі еңбек етеді. Сыйластық, бауырмалдық – біздің ұжымның ұраны.
Қазақ жұрты қашаннан өзге ұлтқа қонақ­жайлығымен танылған, ұрпағын елжан­дылыққа, еңбексүйгіштікке баулыған халық. Осындай ұлтпен көрші тұрып тату-тәтті өмір сүрген ата-анамнан естігенім, қазақ халқы сонау ерте заманнан ағайыншылық пен татулықты пір тұтқан, дастарқанынан наны мен майы, айраны үзілмеген, ағалап келгенге ізеттік, іні деп келгенге ізгілік көрсеткен ұлт екенін білдім.
Оксана ВДОВЕНКО,
Жосалы кентінің тұрғыны.

27 ақпан 2020 ж. 1 134 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 290
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031