» » ДАНЫШПАН ХАЛЫҚ

ДАНЫШПАН ХАЛЫҚ

Орыс пен қазақ халқы ежелден жаз жайлауында, қыс қыстауында өмірін бірге өткізген, малын аралас өрістеткен халық. Міне, осындай туысқан ұлттар арасындағы мызғымас достықтың шекарасы ешқашан бұзылған емес. Тіпті, екі ұлт ұрпақтары бір-бірімен отау құрып, бақытты өмір сүруде.
Менің ата-анам Қармақшының тумасы, өзім де осы киелі мекенде туып-өсіп, аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесінде еңбек етудемін. Ұжымым ұйымшыл. Анам да осы мекемеден құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан. Мекемеде қазақ халқымен бірге басқа да ұлт өкілі еңбек етеді. Сыйластық, бауырмалдық – біздің ұжымның ұраны.
Қазақ жұрты қашаннан өзге ұлтқа қонақ­жайлығымен танылған, ұрпағын елжан­дылыққа, еңбексүйгіштікке баулыған халық. Осындай ұлтпен көрші тұрып тату-тәтті өмір сүрген ата-анамнан естігенім, қазақ халқы сонау ерте заманнан ағайыншылық пен татулықты пір тұтқан, дастарқанынан наны мен майы, айраны үзілмеген, ағалап келгенге ізеттік, іні деп келгенге ізгілік көрсеткен ұлт екенін білдім.
Еңбектен жігер алып, еңбекпен ұрпағын өрбіткен халық бүгінде тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне, ата-салт дәстүрін ұлықтауда өзге мемлекетке өнегелі іс көрсетуде.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген көшбасшының сара саясатымен егемен еліміз бүгінде экономикасы барынша дамыған елдер қатарына қосылуға тер төгуде. Әрине, бұл мақсаттың орындаларына мен сенемін. Өйткені қайсар қазақ халқы қашан да алдына қойған мақсатына қол жеткізе білген. Оған дәлел, ұлттың ұлы ұстанымы – бірлік. Қазақстан – Мәңгілік ел. Осы Мәңгілік елдің егесі біз. Еліміз өркендеп, жұртымыз бақытты өмір сүрсін. Лайымда, Қазақстан халқын бірлік пен берекеге бастаған көк туымыз ашық аспанда асқақтай берсін.
Оксана ВДОВЕНКО,
Жосалы кентінің тұрғыны.
06 наурыз 2019 ж. 1 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031