» » ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

    Саламатты өмір салтын ұстану, оны келешек өскіндерге насихаттау – менің басты қағидаларымның бірі. Соңғы 18 жылдан бері мен мектеп оқушыларын спорт және дене шынықтыру пәніне баулып келемін. Қармақшы ауданындағы біздің тұрып жатқан ауылымыз – көпэтносты. Мұнда бірнеше ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Барлығы татулықтың уызына ұйып, бейбіт ғұмыр кешуде.    Қазақстан – менің туған Отаным. Осы топырақта дүниеге келгенмін. Тіпті, менің әке-шешем де осы жерде туған. Анам Галина мен әкем Павел бірі ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шықса, бірі шаруашылықта механизатор болып жұмыс жасайды. Атам Григорий мен әжем Анастасия қазақ жеріне Қиыр Шығыстан 1937 жылдары депортацияланып келген. Содан бері біздің әулеттің тағдыры Қазақстан халқымен етене байланысып келеді. Осы қасиетті топырақта өстік-өндік. Жолдасым Сергей Киммен Юлия, Валерий есімді ұл-қыз өсірудеміз. Қызымыз жоғары білімді экономист.

    Өзге этнос өкілі болсақ та жанымыз, жүрегіміз қазақ халқымен бірге. Бір үйдің баласындай болып кеткенбіз. 80 жылға жуық уақыт қазақ ұлтымен жасасып келеміз. Татулық, бірлік – жасампаздық өркен жайған Отанымызда жайсыздықтарға жол жоқ. Қанша жыл бірге тұрсақ та арамызда өкпе-реніш орын алған емес. Қазақ елінің жомарттығы, кеңдігі бізді ғана емес, әлем жұртшылығын да мойындатып отырғаны тарихи шындық. Бейбіт аспанымыздың күні жоғарыдан жарқырай берсін. Қазақстан халқы жасасын!
    Ольга КИМ,
    Қармақшы ауданы,
    ІІІ Интернационал ауылы,
    №108 орта мектептің
    денешынықтыру пәнінің мұғалімі.


28 ақпан 2018 ж. 1 925 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031