» » » Аманатын орындаймыз әкенің

Аманатын орындаймыз әкенің

ЖОСАЛЫ, 27 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Губановтар әулетінің Қазақстанда өмір сүру тарихы сонау Ұлы Отан соғысы жылдарында бас­талды. Сұм соғыс қай ұлтқа азап шектірмеді, миллиондаған ананы баласынан, ұлтты Отанынан айырды.

Отанынан айрылған сондай халықтың бірі – біз, яғни шешен халқын кеңестік идеология еріксіз Қазақстанға көшірді. Бала жасынан аштық пен қорлықты кезеңді басынан өткерген әкем Вахид Губанов Қазақстанға қоныс аударғанда манағы айтқан аштық пен қорлық арылып, қазақ балаларымен дос болып, бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріпті. Бұл бізге әкемнің айтқан естелігі еді. Ол бар саналы өмірін механикалық зауытта өткізді. Мекемеде түрлі этнос өкілдерімен бірге қоян-қолтық еңбек етті. Өзінің туған елі болмаса да, бақытты өмір сыйлаған Сыр өлкесінің өркендеуіне тынбай еңбек етіп үлес қосты. Еткен елеулі еңбегі үшін де көптеген марапаттарға ие болды. Оның ішінде, қармақшылықтардың құрметіне бөленгенін ерекше мақтан етемін. Әкем өмірден өткенше қазақ жұртын өз туысындай құрметтеді. Бізге де осы өсиетті аманаттап өмірден өтті.
Кеңес Одағы ыдырап, сол бір зұлмат жылдары қазақ жеріне еріксіз қоныс аударғандар өз еліне қайтып жатқанда, шешенстаннан ағайындар табылып, оның елге оралуын өтінгенде, әкем бізге рұқсатын беріп, «Мен осы елде қалам. Ол жаққа барғанда мені кім тани қояр, бұл елде менің бар саналы өмірім өтті. Еңбегім үшін құрметке бөлендім. Ұрпақ сүйдім, дос та таптым. Сендер бара беріңдер, жасым болса келіп қалды. Ендігі өмірімді осы жерде өткіземін. Қазақ халқы өз бауырымдай болып кеткен халық. Сондықтан да сендерге аманатым қазақ елін, оның ішінде қармақшылықтарды өз туысыңдай құрметтеңдер», – деген-ді. Әрине, әке аманатын орындау қандай да болмасын ұрпаққа парыз. Мен де әкем сияқты өмірімді Қармақшыда өткізудемін. Қазақтар арасында досым да жетерлік. Әсіресе, көршілерім өте керемет жандар. Қалайша маған әке аманатын орындамасқа. Ата-анама берген уәдемді ұрпақтарым жалғастырады деген де сенімдемін.

Руслан ГУБАНОВ,
Жосалы кентінің тұрыны.
27 ақпан 2020 ж. 886 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930