» » ҚҰРМЕТІМ ШЕКСІЗ

ҚҰРМЕТІМ ШЕКСІЗ

Қазақ – қонақжай халық. Оған дәлел ретінде айтарым, бізді, яғни месхет түріктерін – өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының ортасында Сталин бастаған коммунистік партияның Кавказдан Кеңестер Одағы халқына «Халық жауы» ретінде таныту мақсатындағы жер аудару шарасымен еріксіз Қазақстанға қоныс аударылдық. Әкемнің айтуынша, қыстың сықырлаған аязды күні Кавказдан келген пойыздан түскен түріктерді облыстың әр ауданына бөлген екен. Жүздеген түріктің, оның ішінде менің ата-анамның еншісіне ІІІ Интернационал ауылы тиеді. Марқұм ата-анамның сөзімен сөйлесем, осы елді мекенге келгенде онсыз да ішерге ас, киерге киім таба алмай отырған жергілікті қазақ халқы түріктерді өз туысындай қабылдап, бір үзім нанды бөлісіп жеген екен. Тіпті малы барлар мал беріп, киімдерімен бөлісіп, тар болса да үйлеріне паналатқан. Қазақ халқының даналығының, қонақжайлығының арқасында менің қандастарым, тіпті бізге дейін қоныс аударған кәріс және басқа да этнос өкілдерін өлімнен аман алып қалған.
Жарықтық әкем: «Балам, біз сонау зұлмат жылдары осы елге еріксіз қоныс аударып келгенімізде алғашында қайда, кімге келдік? деп алаңдаған едік. Қазақ қонақжай ел екен. Өздері күнін көре алмай отырғанда, бір таба нанын бөлісіп, асқазанымызды тойдырды, ыстық шайын беріп, денемізді жылытты. Міне, сондай текті ұлтты қалай сыйламайсың, қалай мақтамайсың. Сондықтан да сендер, менің ұрпақтарым қазақ халқын әрдайым құрметтеп, оларға алғыс айтып жүрулерің керек» деген еді.
Әке өсиетін орындау ұрпаққа міндет. Сондықтан да мен өзіме, әулетіме осындай өмір сыйлаған қазақ халқына бас иемін. Әрдайым отбасы төрінен орын беремін. Әрине, бұл менің азаматтық парызым.
Милияр АРИФОВ,
«Достық МК Жер» ЖШС-нің директоры,
ІІІ Интернационал ауылы.
06 наурыз 2019 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031