» » Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдо турнирі өтті

Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдо турнирі өтті

Бүгін Жосалы кенті орталығындағы дене шынықтыру және спорт кешенінде шешен – ингуш өкілі Вахид Ахмадович Губановты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан турнир өтті.
Вахид Ахмадович Губанов 1932 жылы дүниеге келген. 1944 жылы Қазақстанға жер аударылып, 14 жасынан бастап Жосалы механикалық зауытында токарь көмекшісі болып жұмыс істеген.
1954 жылы өндіріс көшбасшысы, тәжірибелі маман, мықты шебер болып тағайындалды. Губановтың суреттері «Құрмет тақтасында» орын алды және жоғары деңгейдегі жүлделерді жеңіп алды.
Сол кезеңдерде Жосалы механикалық зауыты шығаратын жабдықтар Чехословакия, Польша, Шығыс Германия, Лаос, Моңғолия, Эфиопия, Сирия, Тунис елдеріне экспортталды. Жанқиярлық еңбек пен өндірістегі еңбегі үшін Губанов Вахид 2000 жылы «Адам ғасыры» атағына ие болды.
Бүгінгі өткізілген жасөспірімдер арасындағы дзюдо турниріне ұрпақтары мен замандас әріптестері жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысты.
Турнир қорытындысымен 1-орынға 100 мың теңге, 2-орынға 70 мың теңге, 3-орынға 30 мың теңге қаржылай қолдау көрсетілді.
Сонымен бірге турнир жеңімпаздарына жүлделі кубок, сертификаттар мен арнайы дипломдар табысталды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 қыркүйек 2019 ж. 1 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 594
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031