ҚАРМАҚШЫДА ІІ-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Қармақшыда еңбек ардагері және шешен халқын депортациялау құрбаны Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған «Физиология және медицина: Дене тәрбиесінің өзекті мәселелері» атты ІІ-ші халықаралық ғылыми практикалық форумы өтті.
![](/uploads/posts/2018-10/medium/1540793318_45020357_492830901230287_637288720554262528_n.jpg)
Форумды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Форум барысында, Абу-Касым Айдрусович, Бауыржан Әбенғалиев, Жақсыбек Егізбаев, Айнаш Сағатқызы, Эльмира Зинуровналар баяндама жасап өтті.
Форум соңында, аудан әкімінің орынбасары елге келген азаматтарды марапаттап, қорытындылады.
Тағылымдық шара әрі қарай Вахид Ахмадұлы Губановты еске алуға арналған дзюдодан ашық турнирге жалғасты.
Пікір 1