» » ДАРХАН ПЕЙІЛГЕ БАС ИЕМІН

ДАРХАН ПЕЙІЛГЕ БАС ИЕМІН

Кеңес Үкіметі талай ұлтты тарихтан өшіруге жұмыс істеді. Еліміздің қаншама атпал азаматтарына «Халық жауы» таңбасын салды. Қудалады. Сібірге айдады. Бірақ мақсатына жете алмады. Кеңес Үкіметінің солақай саясатының кесірінен Кавказдан шешен, түрік және басқа да этнос өкілдерін, Ресейдің Приморье өлкесінде бейбіт өмір сүріп жатқан кәріс ұлтын күштеп Орта Азияға, оның ішінде Қазақстанға көшірді. Сол күштеп қоныс аударылғандардың бірі – бүгінде ІІІ Интернационал ауылында жергілікті ұлт өкілдерімен бірге бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Алайда, сталиндік саясаттың мақсаты орындалмады. Қайта қонақжай қазақ халқының арқасында өмірдің жаңа кезеңіне қол жеткізді.Бүгінде сол ата-бабалар ұрпағы, біз тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосудамыз.
Иә, қазақ – өте мейірімді, қонақжай халық. Адал да парасатты мінезімен әлемге танылған ұлт. Мен осындай елін сүйген, ерін сүйген, еңбек пен елжандылықты ту еткен елде туғаныма ризамын. Әрдайым ата-анамыз бізге өткен өмірі жайлы естелік айтып бергенде, бірінші кезекте сонау өткен ғасырдың отызыншы жылдарында басынан өткерген қиыншылығын еске түсіргенде денемізді діріл қағады. Сондай-ақ, отызыншы жылдардың қаһарлы қысында бас сұғар жер таба алмаған ата-әжемізге пана болып, жерге ас, ішерге су, киерге киім туып берген қазақ халқының ерлікті ісіне бас иіп, алғысымызды айтамыз.
Біз де ата-бабалар дәстүрімен бүгінде қазақ халқымен тату-тәтті өмір сүрудеміз. Тіпті қыз беріп, келін түсірудеміз. Әрине, мұның барлығы көптеген ұлтқа пана болған қасиетті Қашқансу табынының халқына деген перзенттік махабба­тымыздың арқасы.
Любовь ОГАЙ,
зейнеткер.
06 наурыз 2019 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930