» » Майдангерге көше атауы берілді

Майдангерге көше атауы берілді

Сенбі күні ауданның солтүстік бөлігінде бой көтерген жаңа мөлтек ықшам ауданындағы көшелердің біріне осы елдің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті азамат, ақын Шәкіман Бектібаевтың есімі берілді. Көше беру және ескерткіш тақтаның ашылу шарасына аудан әкімінің орынбасары Жарқын Омаров, ардагердің ұрпақтары, көше тұрғындары мен кент ардагерлері қатысты.

– Бүгін біз өскелең ұрпаққа үлгі боларлық тағылымды іс-шараға жиналып отырмыз. Саналы ғұмырын ауданның өсіп өркендеуіне арнаған, соғыс ардагері Шәкіман Бектібаев ағамызға көше берілу – аға ұрпаққа деген құрметтің жарқын көрінісі, – деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде. Сондай-ақ ол қажырлы еңбек еткен тұлға есімін дәріптеу келешек ұрпаққа үлгі екенін айтты.
Шәкіман атамыз ХХ ғасырдың ауыртпашылығы мен қиын кезеңінде өмірге келгенімен, тарихтың сынына жан аямай қарсы тұрғанын білеміз. Жастық шағы отызыншы жылдардың ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келіп, қоғамдық өмірге араласып, осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі болашағы үшін шыңдалған өмір мектебі болды. Жастайынан қиындықты көп көрген.
Шәкіман ақсақал 1940 жылы қызыл әскер қатарына шақырылған. Ол Эстония жерінде кіші командирлер дайындайтын курсты бітіріп, соғыс басталысымен майданға аттанған. Қарт майдангер жаяу әскер полкінің құрамында болып, Невель, Смоленск, Великие Луки қалаларын қорғауға және Воронеж, Белгород, Курск бағытындағы қиянкесті ұрыстарға қатысқан. Екі рет жарақат алса да бар күш-жігерін жұмсап, қасық қаны қалғанша жаумен айқасады. Алайда Украина жерінде үшінші рет ауыр жараланып, 1944 жылы екінші топтағы мүгедек болып елге оралған. Кейін еңсе көтеріп елге қызмет етеді. Ұл өсіріп, қыз тәрбиелейді. Шәкіман ақсақал көп сөйлемейтін кісі еді. Біреуге жағымпазданып қадірін кетірмеген. Айтқан сөзінде қуаты бар, ұлағат пен ақылға суарылған әңгіме айтатын. Өмірден өткенінше қолынан қаламын тастамай өлең жазып, толымды дүниені артына мұра етіп қалдырды. Майдан даласында көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін көптеген медальмен марапатталған.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов көшеге есімі беріліп жатқан азамат туралы жарқын естеліктер айтып, бұл ізгі шараның болашақ жас ұрпаққа зор үлгі-өнеге екендігін жеткізді. Сондай-ақ Шәкіман атамыздың бел баласы Бақтыбек Бектібаев осы көшенің аты соғыс ардагерінің есімімен аталуына зор үлес қосқан кент ардагерлеріне, әкімдікке және ауданның зиялы азаматтарына үлкен алғысын білдірді.
«Өткенсіз – келешек жоқ» дейді халық даналығы. Қазақ жерінде бүгінгідей бейбіт таң шапағының атуына ұйытқы болып, болашақ ұрпақтың алаңсыз ғұмыр кешуі жолында аянбай тер төккен ердің есімі халқымен мәңгі бірге жасаспақ.

Ерсін СӘДУҰЛЫ


29 қыркүйек 2020 ж. 1 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031