» » ҚАРМАҚШЫДА РАБИҒА ШАЛАБАЕВА АТЫНДА КӨШЕ АШЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫДА РАБИҒА ШАЛАБАЕВА АТЫНДА КӨШЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Жосалы кентінде қилы кезеңдерде батылдық пен батырлықтың ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Рабиға Шалабаеваға көше атауы берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында елде басшылық қызметтер атқарған жастың бірі – киелі топырақтың төл перзенті, аз ғана ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған қайраткер Рабиға Шалабаева болатын. Оның тағдыры Шығыс жұлдызы Ғанидың ғұмырымен ұқсас екені белгілі.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы, облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, ұрпақтары атынан інісі, еңбек ардагері Сәдуақас Шалабаев сөз алып, апамыздың өмірі мен еңбек жолы туралы айтып өтті.
- Қазақ қыздарына тән мықтылық, қоғамшылдық, батырлық қасиеттер Рабиға апамыздың бір бойынан табылатын. Еселі еңбек ете жүріп, ол мемлекеттік марапаттарға ие болды. 1939 жылы Қазақ КСР-нің құрылғанына 20 жыл толуына орай Жоғарғы Кеңестің Құрмет грамотасына ие болса, 1939-1943 жылдары аудандық кеңес депутаты болып сайланды. Рабиға апамыз 1943 жылы небәрі 22 жасында ауыр науқастан дүние салады. Ол ауданда жастар белсенділігінің артуына айтарлықтай үлес қосты, – дейді інісі, еңбек ардагері Сәдуақас Шалабаев.
Рабиға Шалабаева сияқты өнегелі өмір сүрген, бірақ уақыт көшімен ұмытылған, еңбегі ескерусіз қалған қайраткерлер туралы мәлімет табылды. Қазіргі уақытта біздің облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігі осы мәліметтерді жинақтап, рет-ретімен елге жариялауға бағыт алып отыр, – деп атап өтті бірлестік төрайымы Алмагүл Божанова.
Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысушылар ізгі тілектестіктерін білдіріп жатты.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
17 наурыз 2019 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930