» » ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

Оқушылар үйінің алғашқы директоры, аудандық комсомол комитетінің  бірінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, облыстық соттың алқабиі, аудандық кеңес депутаты. Бұл – Сыр өңірінің мақтанышы, туған жеріміздің төл перзенті небәрі 22 жыл өмір сүріп, артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған қоғам қайраткері Рабиға Шалабаеның жүріп өткен жалынды жолы болатын.
Сырдың сұңғыла қызының есімін жаңғырту мақсатында жақында Мөлтек шағын ауданының бір көшесіне оның есімі берілді. Көшенің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, облыстық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Божанова, қоғам қайраткерінің туған-туысы атынан аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Сәдуақас Шалабаевтар сөз сөйлеп, құнды пікір білдірді.
– Өткенсіз – келешек жоқ. Қазақ мемлекетінде бүгінгідей бейбіт таң шапағының атуына ұйытқы болып, елімізде болашақ  ұрпақтың алаңсыз ғұмыр кешуіне аянбай тер төккен Рабиға Шалабаеваның қысқа өмірнамасында тындырған ісі өшпес өнеге. Көше – елдің рухани азық алар, жастардың өмірге деген шынайы құрметін асқақтатар, ел игілігіне қызмет етер өнегелі орын боларына сенімім мол, – деді «Құрмет белгісі» орденінің иегері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанова.
Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінен соң марқұмның рухына арнап «Малике ана» тойханасында Құран бағышталды.
21 наурыз 2019 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031