» » » ПОЭЗИЯ ТАРЛАНЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ПОЭЗИЯ ТАРЛАНЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Есімі Сыр өңіріндегі аға және орта буын өкілдеріне жақсы таныс, бар саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұлағат иесі атанған  Мұқанбетқали Шыңғысов  ұстаздық мамандықтан бөлек ақындық өнерді де өміріне серік еткен. Ақындық өнерімен  ел әлеуетін арттыруға сүбелі  үлесін де қосқан атпал азамат ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруда, оның ішінде Сыр өңірінде айтыс пен жыраулық өнерді ұлықтауда аянбай еңбек етті.

Сатира жанрында да қалам тербеді.  Бірнеше рет республикалық ақындар айтысына қатысып, жүлде алды. Ақынның көзі тірісінде сатира, поэзия жанры бойынша 14 жинағы жарыққа шықса, өмірден өткен соң облыс әкімдігінің қолдауымен аймақ ақын-жазушыларының жинақтарын қайта жаңғырту мақсатындағы «Сырдария кітапханасы» аясында «Сырымды жеткіз жырларым» атты жыр жинағы оқырмандарға жол тартты. Ел алдындағы елеулі еңбегі үшін де ол көптеген мемлекеттік, оның ішінде ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Екі мәрте Қазақстан Жазушылар одағының съезіне делегат болып қатысса, бір мәрте бүкілодақтық фольклорлық байқаудың лауреаты атанды, «Қармақшы ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды

Жуырда, Тәуелсіздік мерекесі аясында ақын, ұстаз, атпал азаматтың есімін ұлықтау мақсатында Жосалы кенті орталығындағы «Жастар» ықшам ауданынан Мұқамбетқали Шыңғысов атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов ашып, ұлағатты ұстаз, жауһар жырларымен ел-жұртқа танымал болған ақынның өнегелі өмір жолы мен шығармашылығы жайлы сөз етсе, содан кейін сөз алған аудандық және Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағалары Қаршыға Есдәулетов пен Жақсыбай Жәкеев, ақынның баласы Бағлан Айдынәлиев және басқалар естелік айтып, жылы лебізін білдірді.

Атпал азамат есімін ұлықтау шарасы одан әрі «Малике ана» салтанат сарайында  жалғасты. Ақын ұрпақтары мен №85 орта мектеп көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен әдеби-монтажды кеш өтті. Кеште Шыңғысовтар әулеті ұрпақтары мен мектеп оқушылары ақынның шығармаларынан өлең оқыса, әнші­лер ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, тыңдарман көзайымы атанды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасарлары Әділ Қошалақов, Еркебұлан Меңлібаев, облыстық мәслихат депутаты, ақын Шәкизада Әбдікәрімов, Жосалы кенті ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мақсұт Өтегенов және басқалар естелік айтып, ыстық ықыласын білдірді.
Шара соңында атпал азаматтың рухына арнап ас беріледі.

Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
«Қармақшы таңы».   
27 желтоқсан 2018 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031