» » Кассациялық соттарға артылар сенім жоғары

Кассациялық соттарға артылар сенім жоғары

Сот саласындағы жаңа реформалар халықтың жіті назарында. Қазіргі кезде қоғамда дербес кассациялық соттардың маңызы, мақсаты, бағыт-бағдары қызу талқыланып жатыр. Осының өзі ел тұрғындарының жыл өткен сайын құқықтық сауатының өсіп, заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларға бейжай қарамайтынын, бастамаларға қатысты өзіндік пікір-ұсыныстарын білдіруде белсенді екенін көрсетеді. Қарапайым азаматтардан қойылатын сұрақтар көп болғандықтан, сот судьялары мен қызметкерлері де кассациялық соттың негізгі басымдықтарын таныстырып, түсіндіруді қолға алып келеді.
Биыл маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Бұл заң нормалары Астанада үш дербес кассациялық соттың жұмысын бастауына жол ашты. Бүгінде осы соттарды ұйымдастыру, материалдық-техникалық жақтан қамтамасыз ету, сот корпусын білікті де тәжірибелі судьялармен толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жақында жаңа соттардың жұмыс тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекітуді көздейтін өзгерістер Сенат депутаттарының талқысына түсті. Бұл өзгеріске сай Қылмыстық процестік кодексіне, Азаматтық процестік кодексіне, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және басқа да бірқатар заңға түзетулер енгізілмек.
Бұл заңнамада кассациялық соттардың жұмыс сапасын жандандыру, халықтың сотқа жүгіну тетіктерін оңтайландыру көзделген. Мұндағы жаңғыртулар дамыған елдердің сот тәжірибесін салыстыра келе, еліміздегі бүгінгі жағдайды екшеп, қорытындылау нәтижесінде қалыптасып отыр. Мәселен бұрын кассациялық сатыға жүгіну үшін талап қою сомасы 2000 АЕК-тен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы 30000 АЕК-тен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты даулар бойынша, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы аз қылмыстар бойынша шектеу болатын. Яғни, бұл шекті мөлшерден төмен сомалар болғанда іс кассациялық сатыда қаралмайтын. Жаңа заңда осы шектеулер алынып, сотқа деген қолжетімділікті кеңейтуге оң қадам жасалды. Сәйкесінше Азаматтық процестік кодекске, Қылмыстық процестік кодекске, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өзгерістер енгізіліп, сот пен халық арасындағы байланысты нығайтуға көңіл бөлінді.
Жақында өткен Қазақстан Республикасы судьяларының ІХ съезіне қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот саласындағы жаңғыртуларға оң бағасын берді. Соның ішінде кассациялық соттарды енгізуге байланысты жұмыстардың нәтижелі боларына сенім білдірді. Осы тұрғыдан алғанда бастаған бастама халық көңілінен шығып, сотқа деген сенімді нығайта алса сот құрылымы үшін үлкен жетістік болмақ.
Ербол МӘТЖАНОВ,
аудандық сот әкімшісінің басшысы
24 қараша 2024 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 100

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031