» » Кассациялық сатыдағы сот - Еліміздегі сот реформасының жаңашылдықтарының бірі

Кассациялық сатыдағы сот - Еліміздегі сот реформасының жаңашылдықтарының бірі

«Жаңа сот сатысы 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша Астана қаласында құрылып, апелляциялық сот алқасының қабылдаған актісі негізінде істерді қайта қарайды.»

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына 2024 жылдың 5 шілдесінде өзгерістер енгізілді. Сол өзгерістердің ішіндегі өзектісі жаңа сот сатысы – кассациялық соттың құрылуы.
Кассациялық сот туралы 2023 жылғы 12 қыркүйекте еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесуде Президент Қ.К.Тоқаев дер­бес кассациялық саты құру мәселесіне тоқталған болатын.
Бұл өзгеріс барлық іс санаттарының кассациялық тәртіпте қайта қаралуына мүмкіндік жасау үшін енгізілді.
Осы өзгеріске дейін кассациялық сот сатысы Жоғарғы Соттың құрамында болды. Барлық істерді кассациялық сатыда қайта қарала бермейтін. Соның салдарынан қылмыстық және азаматтық істердің тек 5 пайызы ғана кассацияға жолданатын. Атап айтар болсақ:
— азаматтық істер жеңілдетілген (оңайлатылған) іс жүргізу тәртібінде қаралса,
— іс татуласу рәсімімен аяқталса,
— жеке тұлғалар үшін талап қою сомасы 2000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса,
— заңды тұлғалар үшін 30 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, бұл істер кассацияда қаралмайтын еді.
Жаңа өзгерістерге сай, кассациялық сот — сот істері мен материалда­рын кассациялық сатыдағы сот ретінде қарайды, сот практикасын зерделейді және оны жинақтау қорытындылары бойынша төмен тұрған сот сатыларының сот төрелігін іске асыруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды, заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сондай-ақ, бірыңғай кассациялық сотта заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады, алдын ала қарау сатысы болмайды, 6 ай шегінде ақылға қонымды мерзімдер белгіленеді және де істерді мәні бойынша үш судья құрамында қарайтын болады.
Бұл өзгерістер адамдардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына барынша ықпал жасауына, халықтың сотқа деген сенімді одан әрі нығайтуға кепіл болады деп санаймыз.
Д.Сахи,
Байқоңыр қалалық сотының
бас маманы

20 қараша 2024 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031