» » ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ МЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ МЕН ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ: АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?

Залалсыздандыру (дезинфекция) – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Ол – жұқпалы аурулардың таралып кетуін болдырмайды. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауру адамның ыдыс-аяғын бөлек ұстау, қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберуді білген.
Ал зарарсыздандыру (дезинсекция) – қоршаған ортадағы инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Табиғатта миллионға жуық жәндіктер болса, 1 пайызға жуығы ғана зиянкестер қатарына жатады.
Зарарсыздандырудың 2 түрі бар. Біріншісі – алдын алу, яғни профилактикалық. Ол емдеу-сауықтыру мекемесінде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу үшін жүргізіледі. Екіншісі – ошақты. Зарарсыздандырудың бұл түрі инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Сондай-ақ дератизация – індет ауруларды тарататын кеміргіштерге қарсы күрес. Дератизация оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құс қораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Ол үшін жертөле, үй есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс. Сонымен қатар терезелер әйнектеліп, саңылаулары цементпен бітелуі керек. Кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланған абзал.
Гүлнар ТӨЛЕПБЕРГЕНОВА,
аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы
03 қараша 2024 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930