» » Залалсыздандыру басты кезекте

Залалсыздандыру басты кезекте

qarmaqshy-tany.kz Пестицидтер дегеніміз – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар). Оны сақтау, өткізу және қолдану пестицидтердiң адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерiнiң болмауын қамтамасыз ететiн жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

«Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының (әрі қарай – Заң) 14-1-бап, 1-тармақшасында: «тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондайақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады» деп көрсетілген. Яғни пестицидтердi залалсыздандыру дегеніміз – тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар. Осы Заңның 14-5-бабына сәйкес, қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар – пестицидтердi залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарын тиiстi жағдайда ұстауға міндетті. Осыған орай, ауыл шаруашылық құрылымдары егін маусымында өсімдіктерді қорғау іс-шараларына қарсы пайдаланылған пестицидтерден босаған ыдыстарына арнайы лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғалармен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Пестицидтердi залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
Алтынай ҚҰНДАҚБАЕВА,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы
26 қазан 2023 ж. 290 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930