» » Олар – өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Олар – өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Осы таңда агроөнеркәсіп кешенінің дамуы еліміздің басты мәселесінің біріне айналған. Ал өсімдік шаруашылығы саласында өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау маңызды орынға қойылған. Ғалымдардың пайымдауынша зиянкестердің салдарынан жыл сайын ауыл шаруашылық дақылдары өнімінің көлемі жоғалып, үлкен шығынға әкелуде. Осының алдын алу мақсатында еліміздің әр аймағында фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы ашылып, зиянкестермен күресуде. Атаулы бөлім ауданда дербес болып 2008 жылдан бастап қызмет жасап келеді.
Сырт көзге аядай болып көрінген мекеменің атқарар қызметі ауқымды. «Ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз» деген мекеме басшысының бірауыз сөзінен әрбір іске жауапкершілікпен қарайтыны көрініп-ақ тұр.
– 2003 жылы облыс бойынша Қазалы, Жалағаш, Шиелі ауданында филиалдар ашылған. Ол кезде Сырдария мен Қармақшы Жалағашпен бір филиал болған. Кейін екі аудан дербес болып өз қызметін жалғастырды. Мекеменің негізгі қызметі – ауылшаруашылық дақылдары жеріндегі ерекше қауіпті және зиянды организмдерге қарсы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алдын алу. Қазіргі таңда ерекше қауіпті зиянкестердің облыс бойынша 5 түрі тіркеліп отыр. Олар италиялық прус, азиялық шегіртке, колорадо қоңызы, сарышұнақ және тышқан тектестер. Италиялық шегіртке көбіне шөлейт жерлерде кездеседі. Негізгі ошағы Қарақұм, Арал аймағы. Ал біздегі қамысты, күрішті жерлерде таралғаны азиялық шегіртке. Міне осы зиянкестердің ошағын анықтап, өсу жағын бақылаймыз. Егер зияндылық жағы шегінен асып жатса дабыл қағып, тиісті орынға хабарлама таратамыз. Зиянкестерге көктемгі-жазғы және жазғы -күзгі деп екі кезеңде зерттеу жүргізіледі. Күзгі зерттеуге келесі жылғы болатын шегірткелердің саны жөнінде болжам жасалады. Содан кейін көктемде қайтадан бақылау жүргізіп, жоғары жаққа нақты ақпарат жібереміз. Бұлар ерекше қауіпті зиянкестер болған соң міндетті түрде сол ошаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі, – деді Ғалымжан Досмаханов.
Фитосанитарлық әдістемелік орталығында 5 маман жұмыс істейді. Олар зиянкестермен жұмыс жүргізетін энтомолог, өсімдік аурулары мен арам шөптерді зерттейтін фитопотолог және герболог маманы. Біз барғанда герболог Гүлмира Бектасова арнайы зертханалық бөлмеде сақталған зиянкестердің әртүрін таныстырды.
– Бұл – азиялық шегіртке. Арам шөп, қамыс, күріштің нағыз жауы. Көбіне күріштік алқаптарда кездеседі. Ал мынау – шыбын қуыршағы. Көп жағдайда топырақ арасында өмір сүреді. Көктем келіп күн жылыған уақытта қуыршақтан шыбын болып ұшып шығып, бақша дақылдарын бүлдіреді. Мысалы қауын түйнек салып, сырты жұмсарған уақытта шыбын ішке еніп дернәсілін тастайды. Солай бүлінген қауын пісе келе іші қарайып бұзылады. Ал шыбын болса қайта топыраққа қуыршағын тастап өмір сүруін жалғастырады. Мұндай кезде екі кезең бойынша улау жұмыстары жүргізіледі, – дейді маман.
Қазіргі таңда бақша дақылдарын егетін ауылдарда мониторингтік зерттеу жұмыстары жүруде. Биыл су тапшылығына байланысты өнімнің шығу шықпауы анықталып, соған орай улау жұмыстары да жоспарға сай орындалуда. Себебі халық тұтынатын өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету тікелей осы мамандарға жүктелген.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

05 маусым 2021 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 277

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930