Еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне Қытай инвесторлары 200 млн доллар бөлмек
\
Қытай еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция бөлмек.
Артынша тың технологияны игеру бойынша өңірлерде жаңа оқу орталықтары ашылады. Бұл туралы екі елдің азық-түлік индустриясы қауымдастығының басшысы Кемелхан Әбілеков хабарлады. «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының орындалу барысына арналған жиынға қытайлық кәсіпкерлер де қатысты. Атап айтсақ, Аспанасты елі жергілікті ауылшаруашылығы саласына өзінің заманауи үлгідегі техникасы мен технологиясын ұсынып отыр. Оның ішінде бағасы мен сапасына сай соңғы үлгідегі тракторлар бар.
Еске салайық, көрші елдер арасындағы келісімге өткен жылдың қазан айында қол қойылған болатын. Бүгінде қазақстандық экспорт үшін Қытай нарығын әлі де қолжетімді ету жұмыстары атқарылып жатыр дейді қауымдастық өкілдері.
Ли Инь Цзэн, ҚХР Ұлттық дәнді-дақыл ведомствосы әкімшісінің орынбасары:
– Кеше біздің делегация Қазақстанның ауылшаруашылығы министрлігімен алғашқы келіссөздерін өткізді. Осы орайда екі ел басшылығы мен ауылшаруашылығы саласында қызмет ететін кәсіпорындар өзара тиімді ынтымақтастыққа қол жеткізе алады деген сенімдемін. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Қытай нарығы қолжетімді бола түседі деп ойлаймын.
Кемелхан Әбілеков, Қытай-Қазақстан азық-түлік индустриясының кәсіпкерлері қауымдастығының президенті
– Елбасымыздың Қытай басшылығымен қол қойылған келісімдердің арқасында Қытай мемлекетіне майлы дақылдардың өнімдерін, өсімдік майын, бидай және де басқа келісімге енген өнімдерді өткізіп жатырмыз. Және де Қытай шекарасындағы ұйымдар соған бізге қолдау көрсетіп жатыр. Күннен күнге біз қытай мен қазақтың арасындағы ұлттық стандарттардың бір-біріне сәйкес болу үшін себеп жасап жатырмыз.