» » Зиянкестермен күрес толастамайды

Зиянкестермен күрес толастамайды

Көктем келіп, жердің тоны жібігенде кең далада дүрбелең тіршіліктің басталады. Жерге түскен әрбір дәннің жеміс беруі зиянкестерден зардап көрмеуіне тікелей байланысты. Міне, осындай паразиттердің зиян келтіруін алдын алу мақсатында ауылшаруашылығы жерлеріндегі қауіпті және аса қауіпті зиянды организмдерді есепке алу, анықтау және болжау әдістемесіне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Жиналысқа Қармақшы аудандық аумақтық инспекция басшысы Қ.Тыйнов, Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы А.Құндақбаева, Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Н.Серіков, Ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ж.Тулегенов, «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының» Қармақшы аудандық филиалының агроном-энтомологы Ы.Жанахметов, Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен бас агрономдары: «Достық Жер МК» ЖШС басшысы М.Арифов, «Жаңажол» ЖШС-нің бас агрономы Т.Ералиев, «Тұрмағамбет» ЖШС-нің бас агрономы Ғ.Тұңғышбаев, «Болашақ» ШҚ басшысы Б.Рагибов қатысты.
Ең алдымен күн тәртібіндегі мәселеге байланысты инспекция басшысы
Қ.ТыйновҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедедегі №331 NЗаңына және «Қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және Зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы №217 Қаулысының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және заң талаптарына түсіндірме жүргізіп, қарсы күрес жүргізу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесіне арнайы тоқталып өтті.
Жиын барысында Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы А.Құндақбаева ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы "Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 225 бұйрығына түсіндірме жұмысын жүргізді.
«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының» Қармақшы аудандық филиалының агроном-энтомологы Ы.Жанахметов, саяқ шегірткенің түрлеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар «Достық Жер МК» ЖШС басшысы М.Арифовжоңышқаның өнімділігін арттыру мақсатында істеліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Алқаптарда ауыспалы егістің қатаң сақталынатынын және биылға жоспарланып отырылған 560 гектар егілетін жаңа жоңышқа тұқымын міндетті түрде трифолин арқылы сарышырмауық арамшөбі тұқымдарынан тазартылып, егілетінін айтты.
Айнұр ӘЛИ
16 ақпан 2018 ж. 1 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031