» » Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелуде

Қарыз ақша өндіру туралы даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелуде


  Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне «Дауларды соттан тыс реттеу» атты жаңа тарау енгізілген. Сондай-ақ, осы мақсатта қолданысқа енгізілген «Төрелік туралы» заң дауларды соттан тыс шешу жүйесін дамытуға бағытталған.
Соттарда қаралатын даулардың санын қысқарту, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу  қарастырылған. Яғни, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібіне, сотта тараптарды  татуластыру рәсіміне ерекше көңіл аударылған.
  Тараптар арасында туындаған түйткілдің түйінін бітімгершілікке келу арқылы оңай тарқатуға болады, осы орайда, ымыраға келуге бағытталған медиаицялық келісімдер мен шарттар жасау мүмкіндіктері қарастырылған. Яғни, заңда дауды бейбіт реттеуге ықпал ету көзделіп отыр.
  Дауды сотқа дейін реттеудің ерекшелігі – бұл даулы мәселені азаматтық істің кез келген уақытында бітімгершілік келісіммен аяқтау мүмкіндігінде.
Қазіргі таңда микроқаржылық ұйымдардан түскен талап қоюлардың көбі сотқа дейінгі тәртіппен реттелуде. Бұл дегеніміз дауды соттан тыс шешудің бірқатар артықшылықтары бар, мемлекеттік бажды төлеудің қажеті болмайды, егер дау сотта басталса, бірақ бітімгершілің келісіммен аяқталса, баж тараптарға қайтарылады.
Татуластыру қазақ халқы үшін жаңа ұғым емес. Қазақ хандығының билері барлығы үшін пайдалы және қарапайым қызметпен, яғни татуластырушылықпен айналысқан және бұл адал және нәтижелі татуласу болған, билер өздерінің бір ғана сөзімен шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған, сонымен қатар өз әділдіктерімен елге сыйлы, танымал бола білген.
М.Наят,
Қармақшы аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы
18 маусым 2024 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031