» » Дау сотқа дейінгі хаттама жасау жолымен реттелді

Дау сотқа дейінгі хаттама жасау жолымен реттелді


2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі-АПК) сотқа дейінгі хаттама жасау бойынша өзгерістер енгізілді.
Қармақшы аудандық сотында қарыз ақшаны өндіру туралы дау сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы тараптардың татуласуымен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы мен жауапкер арасында 2018 жылдың наурыз айында келісімі жасалған. Жауапкер келісімнің шарттарымен белгіленген 858000 теңге мөлшерінде ақша сомасын төлеуге міндеттенген, алайда бүгінгі күнге дейін  төлемдері төленбеген.
Талап қоюшы соттан 923272 теңге көлемінде қарыз және 27 698 сот шығынын жауапкерден өндіруді сұрайды.
Істі сотқа дайындау барысында татуластырушы - судьямен тараптар сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуластыру рәсіміне қатысуға шақырылып, дауды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтарын түсіндірілді.
Татуласу нәтижесінде тараптармен шарттары көрсетіле отырып сотқа дейінгі хаттама жасалды, оған сәйкес жауапкер 2023 жылдың 30 қыркүйекке дейін талап қоюшыға 923275 теңге мөлшерінде қарыз сомасын төлеуге, ал талап қоюшы талабынан бас тартуға міндеттеніп, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Сот ұйғарымымен аталған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
14 сәуір 2022 ж. 634 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930