» » Берешек сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Берешек сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес Қармақшы аудандық сотына түсіп жатқан талап қою арыздары татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін татуластырушы-судьяларға беріледі.

Судьялар 10 жұмыс күні ішінде татуласу келісіміне жету үшін тараптар және олардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай жұмыс оң нәтижелерін беруде.

Қармақшы аудандық сотына талап қоюшы Г.-ның жауапкер Б.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арыз түскен.

Талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, 2019 жылы тараптар арасында қарыз шарты жасалып, оған сәйкес қарыз беруші жауапкерге 40 165 теңге ақша берген. Жауапкер белгілі бір мерзімде ақшасын қайтармағандықтан, талап қоюшы соттан берешек сомасын өндіруді сұрады.

Татуластыру рәсімдері шеңберінде татуластырушы-судья тараптарға татуласу рәсімдерін қолданудың артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхат түсті. Оған сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 40 165 теңгені 2021 жылғы 05 шілдеге дейін төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз талаптарынан бас тартты.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірістен тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

16 сәуір 2021 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031