» » Татуластырушы-судья бір күнде төрт медиациялық келісімді бекітті

Татуластырушы-судья бір күнде төрт медиациялық келісімді бекітті


Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне сәйкес Қармақшы аудандық сотына түсіп жатқан талап қою арыздары татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін татуластырушы-судьяларға беріледі.

Судьялар 10 жұмыс күні ішінде татуласу келісіміне жету үшін тараптар және олардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай жұмыс оң нәтижелерін беруде.

Қармақшы аудандық сотында татуластырушы-судьяның өндірісінде бір күнде төрт қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшы жауапкердің қарыз сомасын өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Татуластырушы-судья тараптарға татуластыру рәсімдерінің барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін, жан-жақты татуластыру рәсімдерінің артықшылығы дауды шешудің қысқа мерзімділігі және мемлекеттік баждарды қайтару, өзара бір мәмлеге келуді ұсынып, даудың жойылуы нәтижесінде тараптар арасындағы тұрақты қарым-қатынасты сақтау болып табылатыны жайында түсіндіріп, нәтижесінде тараптар татуласу туралы медиациялық келісім жасап, оны бекіту үшін сотқа ұсынған.

Сот тараптар арасындағы жасалынған татуласу келісім шартты бекітіп, жергілікті бюджеттен мемлекеттік баж шығынын қайтару туралы ұйғарым қабылдады.

Сондай-ақ, медиативтік келісімді өз еріктерімен орындамаған жағдайда, тараптар сотқа мәжбүрлі түрде орындату үшін атқару парағын алуға арыздана алады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Аудандық соттың баспасөз қызметі


03 ақпан 2021 ж. 572 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031