» » Неке бұзу туралы азаматтық іс сотқа дейінгі медиация тәртібімен тоқтатылды

Неке бұзу туралы азаматтық іс сотқа дейінгі медиация тәртібімен тоқтатылды


Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне сәйкес Қармақшы аудандық сотына түсіп жатқан талап қою арыздары татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін татуластырушы–судьяға беріледі.
Судьялар 10 жұмыс күні ішінде татуласу келісіміне жету үшін тараптар және олардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай жұмыс оң нәтижелерін беруде.
Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы А.Е.-нің жауапкер Н.Е.-мен арасындағы заңды некені бұзу және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы өз талап қою арызында жауапкермен заңды некеде тұрғандарын, жанұядағы келіспеушілікке байланысты бірге тұру мүмкін емес екенін мәлімдеп, соттан арадағы некелерін бұзуды сұрады.
Татуластырушы-судья Д.Кентбаев онлайн форматта ватсап желісі арқылы сөйлесулерімен тараптарды бітімге шақырып, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде тараптар өзара келісім жасасып, азаматтық істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішпен жүгініп, медиациялық келісімді бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптардың арасында жасалған медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.
30 желтоқсан 2020 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 402
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 202

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930