» » Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітті

Сот медиация тәртібіндегі келісімді бекітті

Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексіне сәйкес Қармақшы аудандық сотына түсіп жатқан талап қою арыздары татуластыру рәсімдерін жүргізу үшін татуластырушы-судьяларға беріледі.

Судьялар 10 жұмыс күні ішінде татуласу келісіміне жету үшін тараптар және олардың өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осындай жұмыс оң нәтижелерін беруде.


Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Ж.Г.-ның жауапкер К.А.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арызда талап қоюшы 2019 жылғы келісімшартқа сай берешек 120 000 теңге және сот шығындарын жауапкерден өндіруді сұраған.

Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 120 000 теңгені 2021 жылдың 25 қаңтар айынан бастап 2021 жылдың 25 маусым айына дейін ай сайын 20 000 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенді, талап қоюшы талабынан бас тартты.


Істі қарау барысында судья медиацияның тиімділігін түсіндіру нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізізді. Сот келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Осылайша, дау татуласумен аяқталып, олардың арасындағы достық қарым-қатынасы сақталды.


Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі
24 желтоқсан 2020 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728