» » Берешек сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Берешек сомасын өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді


Қармақшы аудандық сотында талап қоюшы Г.-ның жауапкер Б.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы сотқа талап арызбен жүгініп, 2019 жылы тараптар арасында қарыз шарты жасалып, оған сәйкес қарыз беруші жауапкерге 37 573 теңге ақша берген. Жауапкер белгілі бір мерзімде ақшасын қайтармағандықтан, талап қоюшы соттан берешек сомасын өндіруді сұрады.
Татуластыру рәсімдері шеңберінде татуластырушы-судья тараптарға татуласу рәсімдерін қолданудың артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтінішхат түсті. Оған сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 37 573теңгені 2020 жылғы 10 қыркүйекке дейін төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз талаптарынан бас тартты.
Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, азаматтық істі өндірістен тоқтатты.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі

07 қыркүйек 2020 ж. 813 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031