» » Сотқа дейінгі хаттама негізінде тараптар татуласты

Сотқа дейінгі хаттама негізінде тараптар татуласты

Қармақшы аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы Ж. жауапкер А.-дан 2019 жылы келісім шарт  арқылы берген қарызын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 73-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.
Татуластырушы судьямен тараптарға сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдары түсіндіріліп, татуластыру шаралары жүргізілген.
Нәтижесінде тараптар, дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан.
Келісім шарттарына сәйкес, жауапкер А. талап қоюшы Ж.-ға 150 000  теңгені 2022 жылдың 28 ақпан айынан бастап 2022 жылдың 30 қараша айына дейін ай сайын 15 000 теңгеден бөліп төлеуге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Аудандық соттың баспасөз қызметі
04 ақпан 2022 ж. 912 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930