» » Сотқа дейінгі хаттама дауды шешудің тиімді тәсілі

Сотқа дейінгі хаттама дауды шешудің тиімді тәсілі


Сот жүйесінде дауды сотқа дейін татуластыру рәсімдері ерекше орын алуда. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген «Сотқа дейінгі хаттама» жаңа институты қолданысқа енді.

Қолданысқа енгізілген бұл өзгерістер-тараптар арасындағы даудың сот процестерінсіз, яғни соттан тыс тәртіппен шешудің бір мүмкіндігі. Және тараптар арасындағы шиеленісті азайтуды, дауды бейбіт жолмен шешуге ынталандыруды көздейді.Судья-бітімгер ең алдымен талап қою келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде құқық нормаларының жиынтығын тексереді. Көрсетілген мерзімде талап қоюды қайтару не қабылдаудан бас тарту туралы мәселені шешеді.

Татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, заңнамадағы дауды сотқа дейін реттеудің жаңашылдығы «Сотқа дейінгі хаттама» жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдарын түсіндіріп, татуластыру шараларын жүргізеді. Тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасайды. Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылады. Сотқа дейінгі хаттаманы тараптардың өздері де, медиаторлар мен адвокатқа жүгіну арқылы да жасауға болады, онда тараптар бір-біріне дәлелдемелерді ашып, дауды бейбіт жолмен реттеудің жолдарын ұсынады.

Қармақшы аудандық сотының
бас маманы-сот отырысының хатшысы
С.Жалғасбаева
19 мамыр 2023 ж. 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 387
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 178

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930