» » Сотқа дейінгі хаттама дауды шешудің тиімді тәсілі

Сотқа дейінгі хаттама дауды шешудің тиімді тәсілі

qarmaqshy-tany.kz Соттарда қаралатын даулардың санын қысқарту, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу  қарастырылған . Яғни, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу тәртібіне , сотта тараптарды  татуластыру рәсіміне ерекше көңіл аударылған.
Азаматтық процестік кодексіне (АПК) толықтырулар мен өзгерістер 2021 жылдың желтоқсан айында енгізіліп, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған өзгерістер қолданысқа енгізілді. Азаматтық процестегі өзгерістердің бірі – сотқа дейінгі хаттама институты.
АПК –нің талаптарына сәйкес, татуластырушы судья талап қою келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде туындаған құқықтық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын тексеріп, көрсетілген мерзімде  талап қоюды қайтару не қабылдаудан бас тарту  мәселесін шешеді.
Сотқа талап қою келіп түскен кезде татуластырушы –судья тараптарға келесі күннен кешіктірмей татуластыру рәсімдеріне қатысу үшін шақыру мен сотқа дейінгі хаттаманың үлгісін жолдайды. Татуластырушы-судья аталған рәсімдерді жүргізу барысында тараптарға татуласудың артықшылығы мен  тиімділігі туралы айтып, тараптардың әрқайсысына өздері сілтеме жасағысы келетін дәлелдерді өзара ашып, ұсынуға кеңес береді.
Егер тараптар сотқа дейінгі хаттама  арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда, сот ұйғарыммен дауды реттеу туралы келісім бекітіп, іс жүргізу өндіріспен тоқтатылады.  Сотқа дейінгі хаттаманың негізгі міндеті – тараптарды ортақ келісімге келтіру, дауды бейбіт шешу. Мұндай ізгі ниетті, құқықтық көмекті түсініп татуластыру тетіктерін тиімді пайдаланып жатқандардың қатары өсіп келуде. Қазіргі таңда Қармақшы аудандық аудандық сотында 2023 жылдың бүгінгі күнге  дейін  7 азаматтық іске сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімге келді.
                       
                         Қармақшы аудандық сотының бас маманы Есханов Қанат
15 наурыз 2023 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 347
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031