» » Жұрт несиеге неге құмар?

Жұрт несиеге неге құмар?

Жұмыссыздықпен істейтін Жансая бүгін таңертең ғана ай сайынғы келетін еңбекақысын алып шаттанып қалып еді. Айлығы шайлығына да жет- пей ұнжырғасы түсіп тұр. Азын-аулақ алатын жалақысын қайда жеткізерін білмей абдырап қалды. Төлейтін несиесі бір бүйірінен қысып ол тұр. Бала-шағаның ішіп-жемі, киім-кешегі, қала берді коммуналды төлемдер тағы бар. Бұл бір ғана Жансаяның басындағы жағдай емес, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселенің бірі.
Осы күні банктерден несие алмаған адамды күндіз қолыңа шам алып іздесеңіз де табуыңыз қиын. Көбінің басында 1-2 несиеден бар, бір банктен қарыз алып, екіншісіндегіні жауып жүргендері қаншама. Әу баста несие дегеннен басымызды алып қашатын едік, қазір бұған әбден ет үйретіп алдық. Аяқасты ақша керек бола қалса, көбінің айтатыны жалғыз ауыз сөз – «Тәуекел, көп болса кредит алармын...» Мұнымен қоса, қазір жұрт телефон мен тефаль дейтін техникадан бөлек тамақты да несиеге алатын болған. Иә, көлік пен киімді былай қойғанда азық-түліктің өзін бөліп төлеуге алады. Бүгінде жұрт банктен несие алуға құмар. Құмар емес-ау, бұған адам жетімсіздіктен, мәжбүрліктен баратыны белгілі. Тіпті, қазір білімді де несиеге оқып, шаңырақты да несиеге көтеріп жатқандар көп.
– Ақшаның құны жоқ. Тамақтың бәрі қымбат. Киімнің өзіне жетпейді. Сосын «Каспий редке» аламыз. Басқадай амал жоқ. Халық жетпегеннен алады. Асып-тасып тұрса, қарызға кіріп қайтеміз, – дейді кент тұрғындарының бірі.
Қазір қарызға азық-түлік алудан ешкім арланбайды. Жалақының аздығын, тамақтың қымбаттығын алға тартады. Сондықтан кредитке кіруге мәжбүр. Бұрын азық-түлікті «қарыз дәптерге» жазса, қазірде халық «Каспий редке» үйреніп алды.
Тұтынушылық несиенің көлемі жалпы несиенің ішінде 16%-тен асады. Жылына 50%-пен несие беретін банктер де бар. Бірақ қарапайым халық оған қарап жатқан жоқ. Азаматтардың азық-түліктің өзін несиеге алып жатқаны бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайының төмен екендігінің көрсеткіші.
Мамандардың айтуынша, несие алуға байланысты адамдардың екі типі бар. Бірі – қарыз алып, уақытылы жабатындар. Ал енді бірі – үсті-үстіне несие алатындар. Соңғы қатардағылар бұл процесті қалыпты санап, «қазір кімнің кредиті жоқ» деген ұстаныммен өмір сүруде. Бұл орайда азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырған абзал.
Біздің осал тұсымыз да осы. Қит етсе болды несие алуға бейім тұрамыз. Өмір болған соң әртүрлі жағдай болып, қаржы мәселесі бүйірден қысқанда несие алуға деген қажеттілік пайда болады. Дей тұрғанмен «алмақтың да салмағы бар» деп әр нәрсенің белгілі бір реті мен шегі болатынын ескерген абзал.
Қазақ тойшыл халық. Елдің сөзіне қалмай абырой, атағыма кір келмесін деп қарызданыпқауғаланып одан әрісі несие алып дүркіретіп той жасап жүргені. Кімге не көрсетпек? Бір күндік той үшін бірнеше жыл жалақысыз жұмыс істеп әлекке түскеніне татиды ма? Біз кез келген қаржылай қиындықтың шешімін осы несиемен байланыстырамыз. Жаңадан үй салып, көлік алатын болсақ та несие аламыз. Ақша жинап, үй салып, көлік алып, той-томалақ өткізетіндер некен-саяқ. Анығында біз ақшаны жинаудан гөрі оны оңды-солды шашуға құмармыз-ау.
А.АХМЕТ
04 мамыр 2024 ж. 348 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 790

Сұхбат

Мәдениет

Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031