» » Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты

Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты


Банк ісіне қатысты сұрақтар бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев қандай жағдайда несие алмаған дұрыс екенін айтты.
Ең алдымен сарапшы несиеге техника алмаған дұрыс екенін айтады.
"Әрине, мен нақты қандай жағдайда несие алмау керегін айта алмаймын. Әркім өзі шешеді. Бізде тауар несиесі де, тұтынушылық несиесі де бар. Бірақ ұсыныс ретінде айтарым, сән қуып түрлі техниканы, оның ішінде, iPhone-ның соңғы үлгісін аламын деп несиеге тауар алмаған дұрыс. Бұл жай ғана менің ойым", - дейді маман.
Сарапшы банкке несие алуға бара жатқан кез келген азамат өзінің мүмкіндігін білуі керегін айтады.
"Адам банкке несие алуға бара жатса демек ол оған қандай да бір қажеттілігі үшін керек. Арнайы қажеттілікке кетсе ақша дұрыс жұмсалды деп есептеуге болады. Қарыз алушы несиесінің мерзімін кешіктірсе немесе мүлде проблемасы көп қарыз алушы болып кетсе жаман. Оған жеткізбеу үшін банк алдын ала бағалау жүргізеді. Борыштық жүктеме коэффициенті деген түсінік бар. Яғни ай сайынғы төлем мөлшері несие алушының ресми табысының 50 пайызынан аспауы керек. Мысалы сіздің жалақыңыз 200 мың теңге дейік. Егер сіздің бұған дейін еш жерде қарызыңыз жоқ, жаңадан несие алып тұрған болсаңыз, ай сайынғы төлем 100 мыңнан аспауы керек. Қалған 100 мың теңге өзіңізде қалуы керек", - дейді сарапшы.
Нұржан Бияқаев несиені өте қажет жағдайда ғана алуды ұсынды.
"Несие алмаса тіпті жақсы. Бірақ бүгінде біреуден қарыз алу да проблема. Қажет болып тұрған жағдайда банк немесе микроқаржылық ұйым мақұлдаған жағдайда кепілсіз несие алған дұрыс", - дейді ол.
Сарапшы киімді немесе тамақты несие алу екі түрлі ой тудыратынын айтады.
"Біріншіден, әрине, ол өз кезегінде қандай да бір ноу-хау, алға жылжу секілді. Бірақ, екіншіден, көптеген қазақстандық өзінің табысына қарапайым тауар сатып ала алмайтыны өкінішті. Кейбір банктерде, әсіресе тамыз айына қарай, несиеге "Балаңды мектепке дайында" деген акция жүреді. Яғни біз өз табысымызға баламызды мектепке дайындай алмайтын жағдайға жеттік. Осылайша көптеген адам баласын мектепке дайындау үшін несие алып жатады. Бұл кедейлік, табыстың жетпеуі деңгейі өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Олардың саны күн сайын өсіп келеді.
Әрине, киім немесе тамақты несиеге алуға мүмкіндік беретін қаржы институттары, банк, микроқаржы ұйымдары немесе басқа компаниялар жағдай жасап отырғанын түсінемін. Бірақ ең үлкен минус - қарапайым заттардың өзін несиеге алатынымыз өкінішті", - дейді маман.
Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) қаржылық статистика бөлімінің мәліметінше, қазақстандықтар 2020 жылы банктерге 7,1 триллион теңге (16,6 миллиард доллар) қарыз болған. Одан бөлек, былтыр қазақстандықтардың ипотекалық қарызы 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард долларға) жеткен.

02 қазан 2021 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031