» » Табыстың қанша пайызын несиеге арнаған дұрыс? Несие картасын қолданудың қағидасы

Табыстың қанша пайызын несиеге арнаған дұрыс? Несие картасын қолданудың қағидасы

Несие карталарын қолдануды әдетке айналдырдық. Несие рәсімдеу оңай әрі қазіргі уақытта әркімге қолжетімді. Алайда несиемен қарызға батып, құрдымға кету де қиын емес. Несие алу үшін адам қанша табыс табу керек және несие карталарын пайдаланудың тиімді жолдары жайлы GSB UIB директоры экономист маман, Мақсат Халықпен сұхбаттасып, кеңестерін Stan.kz тілшісі білді.


Күнделікті тіршілікте қажетті соманы кез келген екінші деңгейлі банктен алуға болады. Бірақ оны пайыздық мөлшерлемемен қайтаруға тура келеді. Осындайда ең бастысы, бәрін ақылға салып, өз табысыңыздың көлемін есепке алу. Экономист Мақсат Халық қарызды басқарудың тиімді жолдарын ұсынады. 
Табыстың 20%-ын несиеге арнауға болады
GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық орташа есеппен халық табысының 56 %-ын азық-түлікке жұмсайтынын айтады.
"Біз өзімізді өркениетті елдермен салыстырамыз. Нарықтық экономиканың өзінің заңдары бар. Бір жағынан алып қарағанда, шетелмен бізді салыстыру ойға қонымсыз. Себебі ол жақта табыс та, өмір сүру сапасы да жоғары. Біздің елімізде қаржылық мәселелердің шешілуі жаңа заңдар мен өзгерістерді талап етеді. Шетелдік несиелер шамамен табыстың 10-12%-ын құрайды. 
Сонда табысы орташа 2000-3000 доллар деп есептесек, 10-12%-ын оп-оңай несиеге жұмсай алады. 
Біздің жағдайда статистикаға сүйенсек, орташа есеппен халық табысының 56%-ы азық-түлікке жұмсайтынын көреміз. Ар жағында балаларын оқыту, жолға кететін қаражатты алып тастағанда, несие төлеуге қаражат қалмай жататынын түсінуге болады, - дейді маман.
Экономист бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар екенін айтады. Ол - халықтың жалақысын арттыру.
"Негізінен әрбір отбасы табысынан 20% аспайтын несиені көтере алады. Егер сіздің айлығыңыз 100 000 теңге болса, онда 20 мың теңгеден аспайтын несие алғаныңыз дұрыс. Бірақ бізде көбінесе несие көлемі оның жартысынан асып кетеді. Тұрақты түрде 50 000 теңге аса азық-түлікке кетеді. Қалғаны несиеге де, басқаға да жетпей жатады. Мұның бәрі әлі де халықтың әлеуметтік жағдайының, тұрмыс-тіршілігінің нашарлығын көрсетеді", - дейді Мақсат Халық.
Маман несие карталарын қолданудың қағидаларыдың мынадай қағидаларын ұсынады:
  •  Банктерде бөліп төлеу инструментін қолданған жөн
Банктерде бөліп төлеу инструменті бар және оны пайдалануға болады. Оның пайызы да төмен, ауыртпашалығын сезінбейсіз. Қандай да бір қымбат тауарды сатып алған соң, қаражатын бөліп төлеу отбасылық бюджетіңізге шығын алып келмейді. 
Несиелік карталарды қолдануда абай болған дұрыс, өйткені ол жерде нақты уақыт қойылады. Төлем уақыты өтіп кеткен жағдайда, сізге мінжетті түрде пайыздар қойылады.
  •  Картадағы ақшаны шешіп алмаған дұрыс
Шешіп алсаңыз, оған қосымша пайыз жүреді. Өзіңіздің жауапкершілігіңізді сезінсеңіз және қаражат лимиттін толық құртып тастамайтындай құзіреттілігіңізге, өзіңізді басқара алатыныңызға сенімді болсаңыз, несие картасын қолдануға болады. Себебі бізде көрсеқызарлықпен берілген қаражатты құртып, кейін айлап жүріп толтыра алмай, пайызын өсіріп алатындар бар. Картамен төлеген жағдайда сізде 50-60 күнге дейін (әр банкте әртүрлі) пайызсыз қайтаруға мүмкіндік болады. 
05 қараша 2020 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031