» » Банктің құрығына түсіп қалмас үшін не істеу қажет: Заңгер түсіндірді

Банктің құрығына түсіп қалмас үшін не істеу қажет: Заңгер түсіндірді

Негізгі қарыз, пайыз және үстемақы сөздері әрбір несие алған қазақстандыққа таныс сөздер. Кейде банк несие мөлшерінен қателесетін немесе қарыз алушының пайдасына қарама қайшы келісімшарт жасайтын кездер болып жатады. Мұндай жағдайға тап болмау үшін не істеу керек? Бұл жөнінде толығырақ заңгер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

банк
Ақшаға мұқтаж жанның құжаттарға таныспай жатып қол қоюының соңы үлкен тәуекелдерге алып келеді дейді заңгер Құндыз Өтебекова.
"Біздің көмегімізге көп жағдайда қарыз алушылар мен банк тарапынан мүлкіне қол салынған борышкерлер жүгінеді", – дейді маман.
Сонымен қатар заңгер банк тарапынан бұзылатын заң бұзушылықтар жөнінде де тоқталып өтті.
"Бұл жағдайда негізі банк тарапынан емес жеке сот орындаушылардың тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды айтып өту қажет. Кепіл туралы айтып өткенімдей, онда банктер қарыз азаматтарды мүлкін тәркілеген кезде, мысалы үшін үйінен шығару уақытында көп жағдайда борышкерге ескерту жасалмайды. Осыдан да көптеген қарама қайшылықтар туындайды", – деп қосты Өтебекова.Сондай-ақ Құндыз Өтебекова дау туындаған жағдайлардың басым көпшілігі банктің пайдасына шешілетінін жасырмады. 
Осы ретте маман өзінің жеке тәжірибесінен өткен оқиғасымен бөлісті.
"Осы жылы бір оқиға болды. Мен атқарушы билікке қатысты банкке қарсы соттастым. Және бұл мен борышкердің тарапында болған өте сирек оқиғалардың бірі болып табылады. Мәселе бойынша, пәтер аукционмен сатылып кеткен. Біз соттың өндіріп алу бойынша шешімін тоқтаттық. Сонымен бірге үйдің жаңа иесінің сату-сатып алу келісімшартын бұздық және жүргізілген сауданы заңсыз деп таптық", – деді заңгер.
Құндыз Өтебекова сөзінің соңында банк жүйесін қарыз алушылардың мүддесіне сәйкес келетіндей ету үшін, қандай өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.
"Мен бірінші кезекте заңнамалық тұрғыда банктерге борышкерлерді іздеу кезінде саудаға қатысуға тыйым салатын едім", – деп түйіндеді заңгер.
22 қыркүйек 2021 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031