Сарыптан сақ болайық
Сарып (бруцеллез) ауруынан дер кезінде емделмесе, мүгедек ететін дерт.
Сарып (бруцеллез) - жануарлар мен адамдарға ортақ өте ауыр жұқпалы аурулар қатарына жататын зоонозды инфекция.
2024 жылдың І тоқсанында сарып ауруымен ауданды 2 науқас тіркелген. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 2,3 пайызды құрады,екі науқаста сақтық шараларын сақтамай, іш тастаған малдың төлдерін желең қолмен ұстаған.
Сарып (бруцеллез) ауруымен адамдардың сырқаттануы көктем, жаз айларында күрт өседі. Аурудың алғашқы белгілері сезілгенше үш апта өтеді. Ауру қоздырғышы суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Қоздырғышы жануарлар арасында өмір сүріп, көбейеді. Бұл ауру малдың төлдейтін кезеңіне байланысты. Ауру мал төлдету кезінде, қойдың жүнін қырқып, одан өнім алу, сондай ақ ет, сүт өнімдерін дайындау кезінде жұғады. Ол адамға қайнамаған сүттен,майдан, қаймақ арқылы да жұғады.жұғу жолдарының ең қауіптісі мал төлдету кезінде малдың шуын, қағанақ суын желең қолмен ұстаса, яғни сақтық шараларын сақтамаса сол арқылы жұғады.
Сарыптың белгілері - кешке қарай дене қызуы көтеріледі, шылқып терлеп, әлсіздік пайда болады, буындары ауырып, бұлшық еттер мен жүйке жүйелері зақымданады. Дер кезінде қаралмасаңыз мүгедектікке әкеліп соқтырады. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі,еркектің тұқым безің ісіндіреді, жүкті әйелдер ауырса түсік тастайды.
Бұл дерттің сақтану жолдары мынадай- алдымен ауру малдың көзін тез арада жою, малды төлдету кезінде сақтық үшін арнайы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды сабынмен екі қайтара жуып, залалсыздандыру кажет. Сонымен қатар сапалы өңдеуден өткен ет, сүт, өнімдерін тұтыну керек. Ауладағы малдың арасында түсік тастау, өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне хабарлау керек.
Г.Төлепбергенова,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы