» » «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде


Қармақшы ауданы көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 2024 жылдың 15 - 26 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс жандандырылып, мекен-жайлары бойынша тексеріс жүргізіледі.

Қармақшы ауданының полиция бөлімінің
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

16 қаңтар 2024 ж. 83 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031