«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы бірінші тоқсанға арналған жоспарына сәйкес және аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 2022 жылдың 24 - 30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады. Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторларының қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыс жандандырылып, мекен-жайлары бойынша тексеріс жүргізіледі. Сонымен қатар, пәтер және аулаларды аралау барысында әкімшілік учаскелерде профилактикалық маңызы бар, оның ішінде ӘҚБтК-нің 73, 73-1 (1-1 бөлігі), 73-2 (1-1 бөлігі), 127, 440, 442, 461, 669 (2,3,4-бөлігін) баптары бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша шаралар қабылдануда.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы