«ТҰРМЫС» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді
Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын алу маңызды мәселелер болып табылады.
Бұл ретте ағымдағы жылдың 09-16 маусым аралығында аудан көлемінде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өйткені зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушінің құқығын бұзып қана қоймайды, өсіп келе жатқан жастарға жағымсыз үлгі болып табылады екенің бәрімізге мәлім.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол беретін, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке қою, сондай-ақ олардың тарапынан қылмыстарға жол бермеу болып табылады.
Іс-шара барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің қызметкерлерімен біршама жұмыстар жүргізілді. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде отбасы-тұрмыстық қатынастар бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін 8-азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, АПб-нің профилактикалық есебіне алынды. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша 1-азаматқа қатысты қорғау нұсқамасын бұзғаны анықталып, жинақталған іс-құжаттар аудандық сотқа жолданды. Аталған азамат аудандық сот қаулысымен 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сонымен қатар, аудан аумағына қарасты әкімшілік аймақта маскүнем, нашақор, қорғау нұсқамасы, ерекше талаптар, бұрын сотты болған, шартты түрде мерзімінен босатылған адамдарды тексерумен қатар, отбасылық тыныштығын алатындар мен қолайсыз отбасыларды аралау, түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда.
Қармақшы ауданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі