"Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Аудан көлемінде 2021 жылдың 09-16 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.
«Тұрмыс» профилактикалық іс-шара барысында профилактикалық есепке алуға жататын адамдарды, спирттік ішімдіктерге, есірткі және психотроптық заттарға әуес адамдар, отбасы-тұрмысы саласында құқық бұзушылықтар жасайтындарды, тұрмысы төмен отбасыларды есепке алу жүргізіледі.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған «Қорғау нұсқамасы шығарылғандар», «Ерекше талаптар белгіленгендер», «Алкогольдік өнімдерді шамадан тыс қолданатындар» санаттарымен тұрған адамдарды бөлімнің ЖПҚб-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторымен бірге тұрғылықты мекен-жайлары бойынша толығымен тексеріліп, олармен жеке-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, «Қолайсыз отбасыларды» тұрғылықты жері бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, іс-шараның алғашқы 3 күнінде отбасы тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылық жасағаны үшін 4 азаматқа қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, жәбірленушінің қауіпсізідігі қамтамасыз етілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар бөлім басшылығымен қатаң бақылауға алынып, жұмыстар одан әрі өз жалғасын таба бермек.

Қармақшы ауданының полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі