«Тұрмыс және Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және бұрын сотты болғандар, маскүйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 13-17 шілде аралығында «Тұрмыс және Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында, аудан көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру, сондай-ақ, ақпараттық-насихаттау болып табылады.
«Тұрмыс және Қадағалау» профилактикалық іс-шарасы аясында бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры, ЮПт-ы, ӘЗЗҚт-ы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз!
Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе 2-11-89.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің