» » «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясы өткізілуде

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясы өткізілуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 07.06.2021 жылғы №1-5-6-75/2865-И санды нұсқауына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымының аталған проблемаларға назарын аудару, сондай-ақ азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 13 - 21 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, тоқтату, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыру болып табылады.
«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» атты республикалық акциясы аясында бөлімнің ЖПҚб-нің УПИ-ры, ЮПт-ы, ӘЗЗҚт-ы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды, ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеру және де аудан бойынша құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар заңға қайшы іс-әрекеттер жасауға жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.
Егер де Сіз отбасындағы зорлық-зомбылыққа душар болсаңыз үнсіз қалмаңыз!
Сіздер үшін арнайы сенім телефоны тәулік бойы кез-келген нөмірден тегін жұмыс жасайды. Сенім телефоны: «102» арнасы немесе 2-11-89, 8-778-283-09-54.
Қармақшы АПб-і ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы

13 маусым 2022 ж. 1 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031