» » » Туған өлкеге тарту

Туған өлкеге тарту

Ата-бабадан мирас болып қалған асыл қазына – ұлттық құндылығымызды насихаттауда «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қолдауымен Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Туған өлкеме тарту» атты өнер сайысы өтті.
Сайыс шымылдығын ашып, қатысушыларға сәттілік тілеген «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Әділ Қошалақов «Ұлттық мұра» партиялық жобасы мен сайыстың мақсатына тоқталды.
– «Ұлттық мұра» партиялық жобасы – мәдениетімізді насихаттау мен ұлттық тәрбиені арттыруға бағытталған. Жоба аясында ұйымдастырылған бүгінгі сайыстың мақсаты – ұлттық мұрамызды ұлықтап, мәдениетімізді, өнерімізді және дәстүрімізді дәріптеу арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және ұлттық құндылығымызды дамыту болмақ. Асыл қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру баршамыздың міндетіміз, – деді ол.
Сонымен қатар байқауда өскелең ұрпаққа Сыр бойындағы ақын-жыраулардың мұраларын насихаттай отырып, балалардың бойында музыкалық-эстетикалық және патриоттық тәрбиені жетілдіре отырып, дарынды балаларды анықтау болып табылады.
Сайысқа К.Рүстембеков атын­­­дағы аудандық жыраулар үйінің директоры Ә.Ешбаева, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектептің әуез пәні мұғалімі А.Бағатова, Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ақназар қазылық жасады.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар аудандық партия филиалының арнайы дипломы, Алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Ұлттық мұра» жобасын насихаттайтын сайыстар, шаралар алдағы уақытта да аудан деңгейінде өз жалғасын табатын болады.
«ҚТ» ақпарат
06 мамыр 2024 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 181
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 827

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031